+1 дауыс
8.0k көрілді
Әлемде бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымыз керек деп айтып жатады ғой . Осы мемлекеттердің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін кімдер анықтайды? Арнайы институттар бола ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын 113 айнымалы көрсеткіш бар, солардың негізгі құраушы бөлігі 12 пункттен тұрады. Атап айтқанда:

1. Институт сапасы: Мемлекеттік басқару жүйелерін айтамыз. Айталық, президент тағы, министрліктер, комитеттер, департаменттер және т.с.с. басқару және бақылау, қадағалау жүйелері. Әр институттың біз білетіндей өзіндік міндеті, ережесі, дисциплинасы мен жауапкершілігі және ерекше құқықтары бар.
2. Инфраструктура: Транспорттық қамтамасыз ету, жолдар, әлеуметтік және коммерциялық қызмет көрсету нысандары, байланыс, сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, жылу т.с.с. пункттер жатады.
3. Макроэкономикалық тұрақтылық:  Бұл әрине бизнес дамуы үшін жасалатын экономикалық тұрақтылық ықтималдығының жоғары көрсеткіші. Айталық, бизнес дамуы өз алдына бизнесмендер мен қызметкерлердің міндеті болғанымен, кәсіпорын дамуының тұрақтылығы үшін, мемлекет беретін кепілдіктер де ескерілуі керек. Мысалы, қаржы, валютаның қаржы министрлігі тарапынан тұрақты болуын қамтамасыз етуі, кез-келген кризистік жағдайды алдын алу және болған жағдайда орнын толтыра алатын резервтік қаражат; елдің саяси-тұрақтылығы сияқты пункттерді атауға болады.
4. Денсаулық және орта білім: Қарапайым мысал, баланы туылған сәтінен бастап, дәрігерлік қадағалау дисциплинасына сәйкес, егілу паспортымен үнемі дәрігерлік қаралуда ұстау, тіс дәрігеріне белгілі бір уақыт аралығында қаратып отыру, жыл сайынғы толық дәрігерлік қаралудан өтіп, анализ тапсырып отыру, денсаулық күту, оның ішінде дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану. Спорттық секцияларға жазылу. Білім алу. Соңғы орта білім алу көрсеткіші бойынша, біздің елдің көрсеткіші жақсы нәтижеге ие көрінеді.

5. Жоғары білім және кәсіби дайындық: Орта білімді аяқтаған соң, кәсіби не жоғары білім алу деңгейі, біздің елде сандық түрде бұл көрсеткіш жоғары болғанымен, нақты мысалға алатын, елдің экономикасына ықпал ете алатын өнеркәсіптік компанияның атауы жоқтың қасы немесе саусақпен санарлық қана. Мемлекетіміздің экономикасының негізгі тірегі мұнай-газ, қара және түсті металлургия, уран, астық сияқты шикізаттарды экспорттау жолымен ғана күн көруде, қайтіп одан түскен пайданы берекелі жұмсау, бөлінген қаржыны игеру барысындағы нәтижелер белгілі бір сындарға ұшырап келеді.
6. Тауар және қызмет нарығының көрсеткіші: Бұл пунктте баға саясаты көп рөлді атқарады. Әсіресе, салық көрсеткіші, нарықтағы бәсекелестік көрсеткіші (яғни, бәсекелестік жоғары болса, баға төмен әрі сапа жоғары болу ықтималдығы бар), кедендік рәсімдеу, бизнес ашу және оны жүргізу бойынша мемлекет тарапынан қойылатын шектеулер мен қиындықтар деңгейі саналады;
7. Еңбек нарығының көрсеткіші: Мемлекет ішіндегі жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар көрсеткіші, жалақы деңгейі, жұмыс істеу уақыты (график), жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек келісімшартының орындалу деңгейлері есепке алынады.

8. Қаржы нарығының деңгейі: Бұл көрсеткішке келесі пункттердің даму деңгейі, нәтижелілігі сияқты параметрлер кіреді, олар: кредиттік нарық, инвестиция нарығы, сақтандыру нарығы, бағалы қағаздар нарығы, валюталық нарық. Бұл пункттер ішінен өзінше жеке маңызды пункттерді және тағы қарастырады.
Развитость финансового рынка.
9. Технологиялық даму деңгейі: Кез-келген технологияның басты мақсаты, ол әрине аз шығын арқылы уақыт үнемдеп, белгілі бір нәтижеге жетуболып табылады. Сонымен қатар, технологиялық маңызды қосымша мүмкіндіктер.
10. Ішкі нарық деңгейі: Мемлекет ішіндегі өнеркәсіптік ошақтардың мемлекет халқының сұранысқа ие өнімдерімен қамтамасыз етуі, қанағаттандыра алу деңгейі
11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі. Мемлекет ішіндегі компаниялардың ішкі нарықты қамтамасыз ете алу деңгейі, ішкі бәсеке мен сырттан келетін бәсекеге қарсы тұра алу көрсеткіші немесе сыртқы нарыққа шығу деңгейінің көрсеткішін мысалға алуға болады.

12. Инновациялық потенциал: Белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін, белгілі бір өнім шығару үшін, кәсіпорындар шығынды азайтып, уақытты үнемдеу жолында технологиялық шешімдер, озық құрылғылар пайдаланады, өнім сапасын арттыру мақсатында лабораториялар, анализдеу, зерттеу орындарын ашады. Бұлардың түпкі нәтижесі жоғары көрсеткіш пен сапа, баға жағынан кәсіпорынның алға жылжуына алып келеді. Инновациялақ потенциал деген осы.

 

Қазақстан Республикасы, дәл қазір бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің 50-ші орнында тұр.

http://gtmarket.ru/ratings/global-competitiveness-index/info

+1 дауыс
Cәлем шынындада ойланатын сұрақ екен мынауың?Мен қалай анықтайтынын білмеймін жалпы полетика жағынан хабарым жоқ!Бірақ өз пікірімді айтып көрейін!Жалпы Қазақстанның 20 жылдың ішінде жеткен жетістіктері де аз емес!Бірақ биліктегілердің кесірінен жіберген қателіктеріде баршылық! Солардың бәрін пайымдай отырып мен ойлаймын біз өзге мемілекттермен қай жағынан бәсекеге түсе аламыз?Әрине қарапайым Өзбекстан,Қырғыстан сол сияқты ұсақ түйек мемілекеттермен ғана бәсекелесе аламыз!Ал Америка  Россия Қытай Жапония секілді ірі мемілекетердің біздің бәсекелесіміз болады деу орынсыз!Себебі бұлардың жеткен жетістіктері біздің елдікінен оқ бойы озық!Ал осы тұста біз қандай жағдайда олардың бәсекесі бола аламыз?деген сұрақ туындайды?Ол үшін ең бірінші білімді ұрпақ,проффисанал мамандар,өз ісін жетік білетін азамматтар керек!Мәселен Жапония халқы өнертапқыштар қатарында өзге елдерлен басым!Ал бұл олардың білімінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді!Ал Қытай мемілекеті заң жағынан басым!Ал біздің заңымызда да кемшіліктер көп! Оған дәлел бір қылмысты екінші рет қайталап түрмеге түсіп жатқандар бар! Білімді төмен дей алмайым алайда жоғары деп те айтпаймын!Орташа себебі дипломды сатып алып жүргендер бар білікті мамандар да бар!Ал біз өзге елдермен бәсекелес болу үшін білімді ұрпақ,білгір маман,көкірегі ояу көзі ашық азаматтар керек!Және билікке халық үшін қызымет ететін басшылар  керек!Халық деген сөзді алға тартып өз жағдайларын жасайтын емес!
+1 дауыс

Бәсекеге қабілеттілік - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы; мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі.
XX ғасырда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатында негізгі басымдықтарға,мемлекеттік реттеудегі сыртқы бағдарға айналды. Халықаралық бәсекелестік мәні бойынша әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесінде өз орнын алу құралы болып табылады, оған тек ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Экономикалық жаһанданудың басталуымен бәсекелік қатынастар шын мәнінде ғаламдық сипат алды. Әлемдік шаруашылық жүйе олардың әлемдік нарығын құратын ұлттық экономикалардың жиынтығы ретінде түсініледі. Сонымен қатар трансұлттық корпорациялар (ТНК) қатарымен бірнеше экономикаларға қатысады. Жекелеген ұлттық экономикалар өзара бәсекелесіп, бүл бәсекелестікке оны қашан да жаншуға тырысатын ТҰК еліктіретін қайшылықты жағдай туындайды.

Елдер арасындағы бәсекелестіктің ғаламдық процестеріне негізделген жағымсыз үрдістерді азайту үшін ұлттық экономикалар арасында валюталық, несиелік, салықтық қатынастарды реттеу мақсатында көптеген ұйымдар, комиссиялар, конвенциялар, тағы басқа институттар құрылған. 20 жылдан астам уақыт Бүкіләлемдік экономикалық форум қамқорлығымен бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ғылыми зерггеу жобасы жұмыс істейді. Осы жобаның шеңберінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік ретінде "жалпы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен есептелетін шынайы жан табысының өсу қарқынын тұрақты жоғары деңгейде ұстап отыру қабілеттілігі" түсініледі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жобасында еларалық салыстырмалы талдау жасалады, сондай-ақ статистикалық өңдеудің көмегімен жинақ индексі шығарылады. Осы индекстер жиынтығы қарастырылып отырған елдердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін анықтап, сәйкесінше, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламалары жасалып, қабылданады.

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D0%B9%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3_%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B1%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8_%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD_%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%B0_2011%E2%80%942012#.D0.9E.D1.82.D1.87.D1.91.D1.82_.D0.B7.D0.B0_2013.E2.80.942014_.D0.B3.D0.BE.D0.B4

...