0 дауыс
Дамыған 50 мемлекет! Олар қай мемлекеттер?
11.07.2011
өңдеді 18.8k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Әлемде 50-ші орындамыз!

Биыл Қазақстан халқының әл-ауқаты мен экономикалық көрсеткіштері бойынша әлем елдері арасында 50-ші орынды иеленді. Бұған Британияның тәуелсіз ғылыми-зерттеу институты жүргізген сауалнама қорытындысы — осының дәлелі.
«Legatum Prosperity Index» рейтингі бойынша Норвегия, Дания және Финляндия елдері көш басынан орын алса, Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстаннан бір саты жоғары тұр. Ал, Беларусь 54-ші, Ресей 63-ші, Украина 69-шы орындарды иемденді. 110 елдің әл-ауқаты сараланған тізімді Пәкістан мен Зимбабве аяқтайды.
Зерттеу нәтижесіне сүйенер болсақ, Қазақстан бір жылда 26-шы сатыға жоғарылады. Лигэтум институты мұндай зерттеуді осымен 4-ші жыл қатарынан жүргізіп келеді.

Қазақстанның бір жылда осындай көрсеткішке қол жеткізуі институт мамандарын таң қалдырған. Сарапшылар «бұған ішкі және сыртқы бағдарламалар мен Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі ықпал етті» деп есептейді.
11.07.2011
50 ші орынға пара беріп кірген шығармыз))))))))))))
Мүмкін емес бүкіл әлем елдеріне пара беру.

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы