+3 дауыс
13.0k көрілді
Маған француз тілі сабағынан үй тапсырмасына көмек керек. Үй жұмысы былай болатын: "Егер сіз мұғалім болсаңыз, мектепте ненің өзгергенін қалар едіңіз? Оқушыларға қалай сабақ түсіндіресіз немесе оқу барысына қандай өзгерістер еңгізесіз?" Осы сұрақтарға қазақша жауап беріп көріңіздерші...француз тіліне өзім аударып аламын) Алдын ала рахмет!

6 жауап

+6 дауыс
Негізінде, маған гуманитарлық пәндер ұнайды. Әсіресе, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, түрік тілі және ағылшын тілі. Мен қазір 10 сыныпта оқып жүрмін. Ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгергенмін. Қазақ әдебиеті, қазақ тілі пәндерінен практикантпын. Болашақта журналистика саласы бойынша жұмыс істеймін. Менің мұғалім болғым келмейді. Егер мұғалім бола қалсам, алдымен оқушылардың мәдениеттіліктеріне және тәртіптеріне назар аударар едім. Сосын, регулярлық түрде жаңа сабақты жоспар бойынша түсіндірер едім. Яғни, сабақтың мақсаты, тақырыбы, идеясы, мағынасы, басталуы, шарықтау шегі, аяқталуы және үй тапсырмасы дегендей... Кез келген сабақ болсын, әр тарауды бітіргеннен кейін, олардың білімдерін сынап отырушы едім. Ешбір сұраққа нақты әрі толық жауап бермей, жаңа сабақты бастамас едім. Өзіме сенімділік арту үшін, бәрі ойдағыдай болу үшін, оқушылардың білім сапасын жоғары деңгейде дамыту үшін, қолымнан кегенімді істеп, бар тәжірибемді оларға үйретер едім.
Жауабыңызға көп-көп рахмет!)
+6 дауыс
әлі өкінем мұғалімдікті таңдамағаныма. өкінгенмен не пайда)). Егер мен мұғалім болсам ең бірінші сабақ оқу режимин өзгертер едім. Күндегідей танертен қиналып тұрып жүргенше, оның орнына басқаша істер едім. Сосын балаларға миларын ашытып барлық пәндерді оқыта бермей оның орнына балагың бағытына қарай, оның бейіміне қарай пәндерді оқытар едім. Қаншалықты нагрузка аз болса балалардың бірнәрсені ұғуыда соншалықты оңай болады!
ол өзінің неге бейім екенін анықтай алмайды 7-8сыныптарды ғана біле бастайды.баланың ойлау қабілетін арттыру ушін бәрін білген жақсы мектепте ешқандай артық пән оқытылмайды барлығы балаға керек барлық пәннің өзіндік маңызы бар!
Пікірлеріңізбен келісемін) Рахмет! +1
иә, бірақ мұғалім емес қой өзгертетін
+2 дауыс
Әр мұғалім өз сабағының қожасы. Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы баланы сабаққа қызықтыруға болады. Ұстаз заман талабына сай болу керек. Ақпарат заманында сол ақпараттық технологияны игере отырып сабақты сонымен байланыстыру керек. Білім беру үрдісінде осы салаға көп көңіл бөліну керек. қағаз бастылықты азайтып ұстаз бен шәкірт арасындағы қатынасты бақылау керек.
керек
керек
керек
керек
жақсы жазылған.
Қазір мектептерді тексерушілерге қағазың сайраптұрса сен маладессің. Сенің білімің сенің оқытқаның керек емес. Оларға КЕРЕК ҚАҒАЗЗЗЗЗЗ:
тек мектеп тексерушілеріне ғана емес) _ шындық-ақ . . .
0 дауыс
егер мен мұғалім болсам, өз мамандығымның шебер маманы болар едім. негізі құдай бұйыртса математика пәнінің мұғалімі боламын. сол кезде оқушылармен  жақсы тіл табысып, сабағымды жақсылап өткізер едім
0 дауыс
Мен  6 сынып оқушысымын ,мұғалім болғанды қатты ұнатам .Мен кішкентай кезімнен бастап мәнерлеп оку сайысына катысып журмин.Біздің мұғалім сұраған кім мұғалім болғысы келед деп мен қолымды көтердім ,сонда мұғалім  бағынды сынап көрейк деп маған бір тақырыпты берді мен енді төрт ұйқымды төрт бөліп  соған дайындалып журмин қазақ тілінен. Ұстаздар күніде жақындап қалды соған мәнерлеп оқу сайысы мен  биге дайындалып жүрмін.Дайындық қызу үстінде.
Мен жанадан сабақ беретіндігімнен мен ен бірінші  сол тақырыпқа қызықты ойындар мен  сұрақтар қойып оқушыларды өзіме баурап алсам деймін.Сол тақырыпқа  жаттығулар орындатып сабақ бітуге таяп қалған кезде мен оқушылардан не түсінгендерін сұрап,сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға 5,орташа жауап беріп отырғандарға 4 қойып үйіне қуанттырып кайтару үшем.
Сізге сәттілік тілеймін!
0 дауыс
Сенің мұғалімдікті таңдамағаның дұрыс болған. Мұғалім мамандығы қиындығы, машақаты мол жұмыс.Мұғалімге барлығы бастық. Себебі, оқушыға білім беруді бір жақты ғып мұғалімге ғана жүктеп қойды. Оқушының білімі төмен болса, ұстазы кінәлі. Баласына қарамаған, қадаламаған ата-ана неге кінәлі емес? Оқушының білімсіз болуы ұстазға ғана байланысты емес қой. Оқушының жақсы оқуы отбасына да, отбасындағы әлеуметтік жағдайға да байланысты. Мұғалімнің шабытпен жұмыс істеуіне жағдай қарастырылмаған: 1. Айлығы аз. 2. Басшылар өктемдік көрсетеді (қорқып жүрген адамда шабыт, жұмысқа деген құлық болмайды). 3.Ата-ана қоқытады (себебі, баласын қадағаламаған ата-анаға еш шара қолданылмайды). 4. Қағаздан бас алмайды. 5. Мектептегі сыныбы жабдықталмаған (ескі парталар, тақтаға жазу жазудың өзі қиын). 6. Екі -үш ауысымдағы жұмыс (оқушылардың тынығуына, бір-бірімен тілдесуіне де уақыты жоқ, үзіліс аз).
Екі- үш ауысыммен оқитын мектеп? Бұл қай жердің мектебі?
...