0 дауыс
472 көрілді
Мектептен еміс-еміс:

- Дəптерді ұмытқанша - басыңды ұмытпадың ба?;
- Бүгін сен параллельпипедті ромб дейсің, ертең отаныңды сатасың!(?);
- Оқы, оқы жəне оқы... бұған менің қосарым: оқымай көріңдер осыдан!;
- Ломоносов қайыр сұраса да ілім іздеп барған, ал сен - аузыңа шайнап салып бергенді жұта алмай тұрсың;
- Түберкүлізден кеткен Торайғыровтарға, Уəлихановтарға - сендер сияқты мағынасыз өмір кешіп жатқандардың өмірін беруі керек еді;
- Абайдың сендер сияқты малдарды қалай дəл сипаттап кеткеніне қайранмын, я, жарықтық!;
- Ыбырай деп ат қойып алыпсың өзіңе, садаға кет сол есімнен сен!;
- Қаратаудың басынан көш келеді, Есенаманов өмірі кеш келеді;
- Сылтауыңды айтпастан бұрын ішке кірші алдымен;
- Қазақта Щ əрпі кездесетін тек үш сөз бар: ащы, тұщы, сосын Сəбит, яғни - кеще...

Ешкімді сотқа бермедік, əке-шешеміз сүйегі менікі, еті сенікі деп апарып тастады; солай болса да бізді бауыздаған МҰҒАЛІМ жоқ: осылар жақсы болсын дегеннен басқа ниетін сезбедік..

1 жауап

0 дауыс
Әрине, тағы мынадай сөздерді айтады:

не күліп отырсыңдар, бізде күлейік

мектепте жасағаныма 30 жыл болды, бірақ сендердей класты көрмеппін

мен апаймын ба, сен ба? Менің орныма сен сабақ түсіндір
...