Негізінде, маған гуманитарлық пәндер ұнайды. Әсіресе, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, түрік тілі және ағылшын тілі. Мен қазір 10 сыныпта оқып жүрмін. Ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгергенмін. Қазақ әдебиеті, қазақ тілі пәндерінен практикантпын. Болашақта журналистика саласы бойынша жұмыс істеймін. Менің мұғалім болғым келмейді. Егер мұғалім бола қалсам, алдымен оқушылардың мәдениеттіліктеріне және тәртіптеріне назар аударар едім. Сосын, регулярлық түрде жаңа сабақты жоспар бойынша түсіндірер едім. Яғни, сабақтың мақсаты, тақырыбы, идеясы, мағынасы, басталуы, шарықтау шегі, аяқталуы және үй тапсырмасы дегендей... Кез келген сабақ болсын, әр тарауды бітіргеннен кейін, олардың білімдерін сынап отырушы едім. Ешбір сұраққа нақты әрі толық жауап бермей, жаңа сабақты бастамас едім. Өзіме сенімділік арту үшін, бәрі ойдағыдай болу үшін, оқушылардың білім сапасын жоғары деңгейде дамыту үшін, қолымнан кегенімді істеп, бар тәжірибемді оларға үйретер едім.