Қосымша ретінде:
Мектеп қабырғасында оқитын қарындасымның бір кітабынан керемет нәрсе оқып қалдым. Қарасам, АҚШ-тың бір президенті тегі жағынан етікшінің отбасынан шыққан екен. Бір қызығы, етікшінің баласы үлкейгенінде президент болып сайланады. Халықтың қалаулысы атанып, АҚШ-тың мемлекет қайраткерлері, сенаторлары тағы да басқа барлық жауапты шенеуніктермен алғашқы кездесуінде сөз сөйлемек болады. Енді бастай бергенінде бір сенатор орнынан тұрып: "Кешіресіз..........(пәленше) мырза! Біз білетін мына Сіз, кішкентай кезіңізде әкеңізбен менің үйіме етігімді тазалауға келген болатынсыздар. Соны ұмытпағайсыз. Енді келіп президент атанып, ақсүйек еместігіңізге қарамай қалайша біздің алдымызда сөз сөйлемексіз", - деп қынжылтады. Сонда парасатты, көреген президент аудиторияға тамаша бірер сөздерді айтып, ауыздарына құм толтырып, өздерін масқара етіп, ұялтып тастаған екен. Кітаптағы бұл оқиғаның астына оқушыларға ой-толғау ретінде ғибрат болсын деп.....-"АҚШ Президенті қандай жауап айтты?! Ойланыңдар", - деп жазылыпты. Осы бір әңгіменің анық-қанығына көз жеткізіп білгім келіп еді...