0 дауыс
653 көрілді
Бізді екі реттен артық Президент болуға болмайды ал АҚШ және Ресей мемлекеттерінді қандай ?

5 жауап

0 дауыс
Ресейде қатарынан 2 рет сайлануға болады және 6 жыл өткен соң қайта сайлануға құқығы бар.Ал,АҚШ та 2 ден жоғары сайлауға түсуге болмайды екен.Бұрындары бұл елде 1 президент қана 4 рет президент болған.
0 дауыс
Америка Құрама Штаттары Конституциясының 1 бөлімінің П бабына сәйкес осы елде туған, онда кем дегенде 14 жыл өмір сүрген, 35 жасқа толған кез-келген азамат АҚШ Президенті болып сайлана алады.

Президент екі төртжылдық мерзімнен артық мерзімге сайланбауы керек. Бұл шектеу президенттік мерзімде төрт жыл отырған Рузвельт өнегесі қайталанбас үшін 1951 жылы конституцияға XXII түзету арқылы енгізілген болатын. АҚШ Президентін сайлау - өте күрделі процесс. Ол негізгі үш кезеңнен тұрады: партияның ішіндегі ниет білдірушілердщ сайлау алдындағы күресі, екі партиядан президентке ресми кандидаттардың сайлау науқаны, ел президентін сайлау.

Сайлау алдындағы сөрелік "жарыс" сайлау жылындағы ақпан айынан бастап шілдеге дейін созылатын президенттікке кандидаттардың "праймериздердің" бірінші сайлауымен аяқталады. "Праймершдерден" кейін талапкерлердің саны едәуір қысқарады. Оларды тек ұлттық партия съездері бекіткеннен кейін ғана талапкерлер АҚШ Президенті қызметіне партиялардың ресми кандидаты бола алады. Съезд делегаттары саяси дәстүрге сәйкес, бірінші турдағы өз дауыстарын өз сайлау округіндегі праймериз барысында жеңіске жеткен талапкерге беруі тиіс.

Үшінші кезеңнің басталуы - әрбір кәбиса жылдың бірінші сейсенбісінен басталып, АҚШ-тағы жалпыұлттық сайлауларға дейін созылады. Алдын-ала тіркелген сайлаушылар тұрғылықты жерлерінде дауыс береді. Бірақ бүл күні американдақ сайлаушылар Президент үшін емес, таңдаушылар алқасының мүшелері үшін дауыс береді. АҚШ Президентін сайлау тікелей емес, жанама түрде екі кезеңде өтеді. Таңдаушылар әрбір штатта бірыңғай тізіммен көпшілікке байланысты мажоритарлық жүйеде сайланады. Тізімі ең көп дауыс алған партия осы штаттағы барлық таңдаушыларды өзіне алады. Кейбір штаттарда дауыс беру тізімінде таңдаушылардың тізімі емес, нақты партиядан президенттік қызметке кандидаттардың аты-жөні тіркеледі. Дауыс беру тәртібі сайлау бюллетеньдерін, сондай-ақ сайлау машиналарын пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Таңдаушылар алқасы федерализм қағидасы бойынша қальштасады: әрбір штат конгреске қанша сенатор мен өкіл жіберсе, сонша таңдаушы сайлауға құқылы.
0 дауыс
Келесі жылғы сайлауда Барак Обама сайлауға түспейді, соған қарағанда 2 рет сайланғаннан кейін қайтып сайлауға түсуге болмайды.
0 дауыс
АҚШ-та президент екінші рет сайлауға түсуге болама, болмайма оны Мемлекеттік Конгресс шешеді.
0 дауыс
АҚШ федералды Республика, Қазақстан Республика. Екеуінде айырмашылық өте үлкен. Өзіңіз ойланып көріңіз. Негізі екі ретпе,үш рет сайлаенса да, халық шешеді.
...