vvvwww өте тамаша жауап берген, бұл тектес сұрақтарға тек қана білікті дәрігерлер жауап берген дұрыс.Менің өзім біраз жылдардан бері осы бір аурудан есепте тұрсам да бұл сұраққа жауап беру жауапкершілігін, тәуекелін мойныма алмас едім.Кез-келген емнің пайдасымен аурудың деңгейіне байланысты қауіпті жақтары да бар.Бұндай сұрақтар мен жауаптардың екінші жағында адам денсаулығы, өмірі тұрғандықтан өте абай болған дұрыс. Сондықтан да сұрақта қойғанда да,оған білгішсініп жауап жазғанда да өте абай болып жауапкершілікпен қарау керек. Бірнеше ұпайға бола біреулердің обалына қалмауды ойлау керек.