0 дауыс
44.7k көрілді
Сәлеметсіздерме. Менің апайым бар. Ол бала емізеді. Бірақ соңғы уақытта қан қысымы көтеріліп жүр. Басында 130 болса, қазіргі уақытта 150-ден де асып кетеді. Сұрайын дегенім қан қысымын қалай түсіруге болады ма? Болса қалай? Дәрі ішуге болмайды деген. Сіздерден жауап күтемін. Алдын ала рахмет!

5 жауап

+2 дауыс
Қан қысымы қалыпты болуы үшін көп жеміс-жидек мен көкөністерді тұтыну керек.

Қан қысымы жоғары науқасты қалай күту керек?

Қан қысымымен ауыратын науқасты күтуді барлығы бірдей біле бермеуі мүмкін. Сондықтан, кәсіби маманның кеңесі үнемі жадыңызда жүрсін десеңіз, төмендегі кеңеске көз жүгірте отырыңыз: Ауруға гипертонияның І стадиясы деген диагноз қойылған жағдайда дәрігер оған дәрілер бермей-ақ, күнделікті бақылау, режим сақтау, орталық жүйке жүйесін сақтай отырып, қан қысымын түсіруге кеңес етеді. Науқас таза ауада көбірек серуендеу, тәулігіне кемі 7-8 сағат ұйықтауы керек, отбасында, жұмыста ашу-араздықтан, талас тудыратын жағдайлардан қашық жүргені жөн, себебі жүйке қозғанда, яғни психоэмоционалдық стрестің салдарынан қанға адреналин, норадреналин — қан тамырларын қысатын гармондар көп шығады. Нақты мөлшерде физикалық жаттығулардың да пайдасы баршылық. Көбіне жаяу жүруге, велосипед тебуге, мүмкіндік болса суда жүзуге тырысу керек. Ауыр жұмысты көп жасамаған жөн, өйткені қара күшті қажет ететін жұмыстар артериялық қан қысымын көтеріп, жүрек гипертрафиясына соқтыруы мүмкін. Адам өз дене салмағын да үнемі бақылап отыруы қажет. Дене толысса, ағзада холестерин деңгейі көбейеді де, ол қан тамырлары қабатында жиналып, оның созымдылығын азайтады, әлсіретеді, тамыр жолы тарылып, қысым өздігінен көтеріледі. Толық адамдардың капилляр тамырлары көбейіп, аурудың жүрегіне күш түсіреді. Сондықтан гипертоник аурулар ұннан жасалған тағамдарды аз мөлшерде пайдаланып, қант пен тәтті тағамдарды, құрамында мал майы көп, сары май, қаймақ, майлы ірімшік, балмұздақ секілді тағамдардан өзін шектеп үйренуге тиіс. Ас тұзын да аз мөлшерде пайдалану керек, тұздалған балық, қияр, қызанақ, т.б. көкөністер де ағзаға тікелей зиян екенін естен шығармау қажет. Тәбеті тартқан жағдайда қырыққабатты суға әбден жуып, жеуге болады. Тұз ағзаға көп сіңсе, сұйықтың бөлінуін тежейді, ал бұл денені ісіндіріп, қан тамырларын тарылтады, оның салдарынан артериялық қысым көтеріліп, жүрек қызметі ауырлайды. Гипертоник науқасқа спиртті ішімдік, сыраны мүлде ішуге тыйым салу керек, өйткені спиртті ішімдіктің аз ғана мөлшерінің өзі бірден қысымды көтеретінін айта кеткен жөн. Ал темекі қан тамырларын тарылтады және оның қабырғаларына холестериннің жиналуының бірден-бір себепкері болады. Аурудың ІІ, ІІІ деңгейінің өзінде дәрігерлер кешенді бағыттағы шараларды — қысымды азайту, несепті жүргізіп, ағзадағы тұзды төмендету және басқа шараларды жүргізеді. Ең бастысы, дәрігер белгілеген дәрілерді уақытылы, қысым түскеннің өзінде де тұрақты түрде ішу керек. Сонда ғана аурудың қауіпті ауыр түрінен сақтана аласыз. өзіңізді қатаң бақылап, дәрілерді айлап емес, жылдап уақытылы ішуге дағдылану аурудың қауіпті түрінен сақтайды. Гипертониялық ауру көбіне еш белгісіз дамитындықтан үнемі тексеріліп отырған абзал
Рахмет  сіздерге!
+1 дауыс
Су, шәйді көп ішсеңіз, тамақты тойып жесеңіз де қан қысымы физиологиялық көтеріледі, сұйықтың көп ішкенде бүйректің қызметі артқаннан қан қысыма да жоғарылайды. Сондықтан сізге аз-аздап ғана, бірақ жиі ішу керек сусындарды. Тамақпен де солай, аз аздап, бірақ жиі, сеебі балаға сүт болу үшін де тамақтануыңыз керек ғой. Көбісі көк шай қан қысымын түсіреді деп көп іше береді да керсінше қан қысымын көтеріп жібіреді.

Негізі гипертонияның сердечный и почечный түрлері бар, Систола 150 екен, ал астыңғы диастола қанша болып тұр, таңертен, түсте, кешке, жатар алдында өлшеп жазып жүріңіз егер тонометріңіз болса, Ол диагностикада керек болады.
0 дауыс
көк шәй ішуге болады
0 дауыс
Көк шəй ішуге боады, лимонды ащщыдай жеу керек. Допегит . Энап энал ишуге болады. Асперинды бир таблеткасын шайнап ишу де комектеседі.
0 дауыс
Долананы кептіріп
Кептірілген долананы термеске салып үстіне қайнаған салды құйып жылы жерге 1күн қойып келесі күннен бастап ішсе түседі
...