+5 дауыс
425 көрілді

4 жауап

+3 дауыс

БҰО (Беймәлім Ұшу Объектісі)  туралы сыбыс көп қой. Мүмкін олар жын-пері болар.

+3 дауыс
Соңғы кезде осы турасында көп айтатын болып жүр. Тылсым боп кетті ғой...
+3 дауыс
БҰО-ға  іштей сенетін болып жүрмін, соңғы кездері. Үйткені, қараңыздаршы, мына ғаламның соншалықты үлкендігіне. Ол шексіз және шетсіз орасан үлкен кеңістік. Бұны ойша елестету мүмкін емес. Ал енді бұл кеңістікті толып жатқан миллиардтаған галлактикалар, оның ішінде жұлдыздар жүйесі, оның ішінде планеталар бар. Осыншама гугол санды планеталар арасынан басқа тіршіліктің өмір сүруіне неге болмасқа. Менімше бар болуы мүмкін. Бірақ қандай формалы тіршік екен; бұған менің фантазиям жетпейді.
+2 дауыс

НЛО деп қазіргі жалпақ тілмен айтқанда, басқа әлемнен біздің жер шарын зерттеу үшін, астына жалпақ тәрелке мінеген, шақырусыз келіп жатқан, белгісіз түр әлпеттегі тіршілік иесі деп жатады. Ал Құран Кәрімге, оның тылсым құпиялары мен сүрелеріне үңіле қарасақ, маңыздылығын терең оқып, зерттейтін болсаң бұл сұраққа да жауап бар.

Ертеде адамдардың көзіне жын мен шайтан көрініп өмір сүрген. Ал қазіргі заманда олардың көрінуінің бір құпиялығы бар.... сонымен қоса періштелер де көзге көрінген. Ал қазір олар көрінсе адам көзіне жат болып немесе қорқынышты күйге түседі....оның да бір себебі бар. Мысалы:  Әзірейіл періште ертеде адамның жанынан рухын көзіне көрініп алған болса, қазір белгілі бір себептерді қойып қойған (жол көлік оқиғасы, денсаулық ақауы, өлтіру...т.б). Яғни бір ғана мысал келтірейін: адамдардың өлімі жеңіл және періштелерге деген жаман көз қараста болмас үшін, тағы сол сияқты мәселелері көп.

Сол сияқты жындар мен шайтандар кез келген кейіпте көрінеді, ол емес адамның ішіне кіріп те алады. Яғни, НЛО кейіпінде адамдарға көрінуі мүмкін, өйткені НЛОны жақыннан көрген адамдардың бір қабілеті артып кетеді немесе кеміп қалады.. оның себебі бұрын соңды көз көрмеген көріністі көргенде адамның сезімі сырттан тыс қуатты қабылдайды. Немесе "өзім" Құдайға сенемін, бірақ маған әулиелер айтады" деген тәуіп тектес емшілерімізді алуға болады... оларға да жын ену арқылы қарым қатынас орнайды... сөйтіп жын, шайтанмен байланысып атамыз айтып жатыр деп, ақылды жаратылған адамды, ақылын улап, ол жынмен бізді де қарым қатынасқа түсіріп байлап қояды... бірақ адамның иманына байланысты.

Менің соңғы айтарым..... НЛО ға сенгеннен бұрын, Алланың барына және бір екеніне сенейік.

...