+3 дауыс
1.5k көрілді

Назарбаевтын саясатына калай карайсыздар? лайыкпа президент болуга? 20жылдан аса уакытта кандай истерине тамсанасыз?

Сұрақтың жабылу себебі: Билікті сынға алатын жер емес.

16 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Өз ойымды айтпаяқ қояйын казір ғана Назарбаев жайында оқып отыр едім. мүкін сендерге да қызық шығар:

                   Назарбаевқа импичмент туралы онлайн-петиция бұғауланды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасын талап еткен петиция жарияланған сайт бұғауланды. Петицияға бір тәулік ішінде 2 мыңнан астам адам қол қойған. Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевқа импичмент (сенімсіздік - ред.) жариялау туралы петиция Avaaz.org сайтына теңге девальвацияға ұшыраған ақпанның 11-і күні жарияланып, ақпанның 12-сі күні бұл сайт бұғауланды. Cайт бүгін де құлыптаулы тұр. 

Петиция "Президент мырза, Сізге отставкаға кететін, сәтсіз жобаларыңыз үшін жауап беретін кез келді... Ел кедейленіп, мәңгілік лидермен бірге феодалдық дәуірге бара жатыр. Бірде бір проблема парасыз шешілмейді, айлық аз, қымбатшылық" деп басталады. 

Бұдан соң заңдардың жұмыс істемейтіні, Арқанкерген, Іле-Алатау паркіндегі жаппай кісі өлімі істері дұрыс тергелмегені, Жаңаөзенде оқ атуға кім бұйрық бергені анықталмай қалғаны айтылған. Одан бөлек, "Назарбаев елді девальвация болмайды деп те алдады. Президент пен үкіметке сенуден қалдық... Теңге 20 пайыз құнсызданды. Кедей халық тоналды" деп жазылған. 

Петиция "Президент мырза, Қазақстанға демократиялық, құқықтық ел болудың уақыты жеткен шығар" деп аяқталады.

Қазақстанда әртүрлі қоғамдық мәселелерге қатысты онлайн-петициялар жариялап, оған қарапайым азаматтардың қол қою оқиғасы бұған дейін де бірнеше рет болған. 

Мәселен, қаңтар айының 25-і күні Avaaz.org сайтында Алматы қаласында көлікпен кісі қағып, адам өліміне себепші болған Мақсат Үсеновтіңүстінен қозғалған қылмыстық істің тоқтатылуына қарсы петиция жарияланды. 

2013 жылы қыркүйекте көлік жүргізушілері Қазақстан үкіметінің қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктер салығын төрт есе (60 мың мен 200 мың теңге аралығында) көбейту ұсынысына қарсы петиция жазды. Кейіннен үкімет петицияда айтылған уәждердің ескерілетінін хабарлады.   
 

Дұрыс айтылған жарайсын
100пайыз келисемин. Казак сорлы момын халык, барине шыдап журе беред, бирак не нарсенин де шеги бар!!!
Біз елбасын президент ретінде құрметтеп келдік. Ал ол күннен күнге халықтың ашуына тиетін әрекеттер жасай береді. Көріп отырмыз халықтың жағдайлары нашар екенін. Ойланып қараңыздар, қазіргі таңда халық алатын жалақыларының жартысын үкіметке қайтарып беріп отыр, қалған жартысына ғана нан мен киім алып отыр. Саясатын қолдамаймын. Билік ауысқанын қалаймын.
Белгісіз
0 дауыс

Шынымды айтасам Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың арақсында  осындай жетістікі жеттік оны мойындау керек 20 жылда ал егер басқа біреу болғанда не бол  ішедік Қазақстанда әлемге дүниеге таңытты,Мен Нұрсұлтан Назарбаев атамыздын саясатын құпайтаймын ?

 excuse  бәрін жазыпты айтаттын сөздің бәрін айтыпты 

"Қазақстанда әлемге дүниеге таңытты" . Қайдан білесің Қазақстанды әлем танитынын? Алдымен өз еліміздегі қарапайым мәселелер шешілсін.
Белгісіз
не шешепей отырма осы күнге шүкірлік етсеш хахол,кәпір-кәпірді жаман диді сен не кәпірден де хуж болғансынба  Қырғыздардаң Узбектерден қарағанда 100%  жақсы сен секілділер елімізді құратды сен секілділерді құрту керек фашист
Миды шірітпеш. Біздің жазықсыз бауырларымызды атып өлтірген кім? Ол қылмыстарды жылы жауып тастаған кім? Жалпы сен кімсің? Назарбаев мен үшін қылмыскер. Ренжіме мақтай алмаймын. Сол кісінің билік жүргізіп отырған кезінде болған кешегі Жаңаөзендегі оқиғада жанымызда жүрген жазықсыз жандарға қасақана оқ атып өлтіргенін көре тұра ондай қанішерді мақтай алмаймын. Қазаққа ұқсайсың ғой, сауатты жаз, сосын намысыма тимей ақырын түсіндір айтқың келгенді. Басыңды бұрап жұлып алармын.
Белгісіз
Ит екенсін ішіп отырған құдығына түкіргенмен бір дейсін ұнамас кетіп қалсаш басқа елге,неге сені атып тастамаған сол кезде  күлкімді келтірмеш басымды жұлып алатындай айтынғой  ойхахаха біле-білсен сенің сана сезімін 20 ғассырдағы адамдар сияқты сөзіне қарағанда
Е, мәңгүрт, көр соқыр! Көзіңді аш көт жалай бермей!
Белгісіз
бұндай жетістіктерді онсызда жасалынатын нәрсе..
басқа біреу болсада, кім болсада, халықтың жақсы  өмір сүру үшін жұмыс жасау керек!  қазақта не жоқ деп сұрақ қойып көрші, шыныменде не жоқ? бізде Рух пен Дух жоқ, қалғанның бәрі бар, байлығы,қазынасы,ақшасы, жері, т.б бар,
Біз Сауд Арабия сияқты өмір сүретін халықпыз
+5 дауыс

Бірінші Алла Тағаланың, екінші Нұрсұлтан атамыздың арқасында осылай тайраңдап, шалқып, молшылықта, тыныштықта өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етейік, алысқа бармай көршіміз Қырғызстанды алып қарайық, басшыларына қарсы шығып қандай жағдайға тап болғанын.. Мысыр елін алып қарасақ, басшыларына көтеріліс жасады, ал енді қазір ол елде береке жоқ, көшеде жүру қиын. Елбасымыздың қадірін білейік, Алла ол кісіге ұзақ ғұмыр берсін!!!

Біз неге сондай екенбіз екен бір нәрсе болса озімізді Өзбекстанмен, Қырғызстанмен салыстырамыз оларға қарағанда жағдайымыз жақсы деп. олар біз сияқты мұнай, газ, және қазба байлықтарына біз сияқты бай емес. егер олар біз сияқты бай болғанда онда олар давно....
Өте дұрыс!
Сендер білесіндер ме Қазақстан қарызы көп екенін . Мұнай қазба байлықтар шет елге кетіп жатыр еще айтасындар дaмыған мемлекет .
+2 дауыс
Назарбаев жастарға орын берсе. 2030 дан 2050 ге бірақ секірді...бұл айтуға қиын қазақ тілін халі нашар мен қоолдай алмаймын назарбаевты саясатын көзі ашық жандар түсінеді содан сұраныз .
+1 дауыс

Ризамын деп айта аламын.Президент болуыға лайық.Халықтың қамын ойлап жүреді.Бізді көптеген мемлекеттерге танытты.

Кім айтты сізге таниды деп?-))Таныса НАН-ның өзі сияқты шенеуніктер танитын шығар қазба-байлығына бола.Біз сияқты қарапайым халқынан сұрап көріңізші басқа елдің.Таныр ма екен?
Ол кезінде еді солай жұмыс жасаған. Қазір мүлдем басқа адам ол кісі
Басқа мемлекеттер Қазақстанды танымайды. Россия жақта деп түсіндіру керексің. Әлем бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орында болсақ та картадан көріп мынау қай мемлекет екен деп ойланбайтын болып тұр шетелдіктер.
Белгісіз
+1 дауыс

Ютубтан Ей нурсултан деген видеоны корыныз

Иа сол ата менің ауылымдікі еді, соттап жіберді
Распа???Қазір түрмедеме?Біздің естуімізше 3күннен кейін үшті күйл іжоқ болып кетіпті
Білмейм түрмеде жатыр деп айтады әйтеуір ауылдағы үлкен кісілер.  сотталғанын білем айтеуір осы күнде өлтіріп тастамаса енді
0 дауыс

Біздің  елбасшымыздың  жүргізген  саяасаты  өте  дұрыс ,  мен  еш  қашан  өз елбасшымнан  басқа  елбасшыны  жоғары  деп  айта  алмаймын  себебі  ол  ұлы  тұлға  тарихта  өзіндік  жоғары  орны  бар, сол  кісінің  арқасында  біз  әлемді  таныдық ,  әлем  бізді  таныды  және көзіміздің  ашылғаны да  осы  елбасының  арқасы,  мен  қазір  өте  бақыттымын  ол  елбасымның  арқасы.

Ол атаны сол видиодан кейін қайтыс болғанын естідім сол шын ба екен ?
0 дауыс
Біріншіден қандай жағдайда да басшыға қарсы шығуға болмайды немесе ол мұндай анау мынадай деп Алланың алдында кінәлі боласың. Екіншіден қандай басшы болса да 100% таза халқына адал әділ басшы болмайды. Тіпті Біріккен Араб Әмірлігінің шейхы болса да пенде болған соң арам ой т.б болады. Сондықтан аманшылық, соғыссыз көтеріліссіз өмір сүргенге не жетсін. Әйтпесе халық арасынан адамдар Испаниядағыдай, Қырғызстандағыдай, Грекиядағыдай басшылыққа қарсы шыққанмен пайда жоқ. Басшылық басшылығын жасайды.
+2 дауыс

Құрметті отандастар! Асығыстық жасамаңыздар! "Қолда бар алтынның - қадірі жоқ дегендей" ертеңгі күні өкініп қалып жүрмейік! Патшаны жек көретіндер және оны даттайтындар бұл "жалған өмірде" жолдары (билік басына келе алмай немесе дүниеге көзі тоймай) болмай жүрген адамдардың ісі деп білемін. Қазіргі уақытта сіздерге не қымбат - бейбіт өмір және сол бейбіт өмірде сүріп жатқан халқымыздың амандығы қымбат емес пе!!!??? Ал Нұрекең сол бейбітшілікті "қыли көзді аспан астылық" пен "орекеңдердің" және де алыстағы "мұхитасты янкилердің" арасында жүріп сақтап жүрген жоқ па? Ал бейбітшілікті сақтап, елге тыныш та , тоқ  өмір сүргізу - оңай іс емес!!! "Ойбай не дейсің миллиардтап жеп жатыр екен, үйтіп жатыр екен,  бүйтіп жатыр екен" - деп, қарғап-сілеп қаралай бергенше, Аллаға шүкірлік айтып, "патшамыз аман болсын" - деп, дұға етейік!!! Жесе - жесін!!! Тойғанынша жесін!!! Біреудің тауып жатқан малында не жұмыстарымыз бар? Ал ол малды адал тапты ма, жоқ әлде харам етіп тапты ма - ол бойынша өзі Алланың алдында жауап берер!!! Анау дамыған - Англия сияқты, Испания сияқты елдерде патшаларын қолға тигізбей қадірлеп, құрмет көрсетіп жатады ғой. Ойбай королева бүйтіп жеп қойды, үйтіп жеп қойды деп қарғап жатқан жоқ қой!!!??? Араб патшалықтары ше??? Сіздер мені ойлап қалмаңыздар  "мынау сол рудың адамы ғой" деп. Мен "Шапырашты" түгіл, мүлдем ол жүзден де емеспін, мемлекеттік қызметкер де емеспін. Бірақ менің ниетім тек қазақ халқы аман болса, бірлігі мықты болса екен деймін!!! Жоғарыда айтқан "ойы бөтен басқыншы" алып елдердің қутырқы әрекеттеріне ерген қандастарымыздың жетегінде кетіп жүрмейік ағайын!!! "Брежнев заманында коммунизм өтіп кетіпті ғой, білмеппіз ғой" деген сияқты өкініп қалып та жүрмейік!!! Ойымызды тереңдетіп, сабырлықпен иманды болайық ағайындар!!! 

Мен келісем бұл ойыңмен бұрын ол кісі мықты жұмыс істейтін қазір 70 тен астығой шаршаған сияқты дұрыс емес нәрселерді да жасап қойып жатыр. Түптің Түбінде бір президент ауысатын уақыт бәрібір келедңғой. сондықтан билікке таласа бермей жастарға беру керек уақыт келген сияқты. Халыққа жаңа президент сайлатса тіптен жақсы, болмас өзі жақсы сенімді бір адамды орнына қойу керек шығар. сонда билікке таласта болмайды бәрі тыныш болады.
Абыройы барда орнын басқа жастарға беру керек. Билік ауысатын кез өтіп кетті. Отыз жыл отырған каддафидың тағдыры не болды? Тарихты жаңартқысы келді, жаңартты. Бірақ ондай қатыгездікпен қаза болған президент тарихта жоқ шығар.
Белгісіз
+2 дауыс

Желтоқсан айы көңiлiмiзге мұң салған,

Тарих бетiнде сен жайлы суық жыр қалған.

Қазақтарымды аямай атып өлтiрген,

Қатал билiктiң қылышында қанды iз қалған.

Жаңылма жағым жарасын iзде елiмнiң.

Жаңылма жұртым жазатын соны ем iзде.

Бiр Алла дем бер, адалдығымнан айырма,

Құлшынысымды көтершi қатал өмiрге!

Қайсарлығымен жасытатұғұн бөрiнi,

Түсiңкi неге бауырларымның көңiлi,

Қателiк жасап, қырып тастаған қазақты.

Күнәға толы Назарбаевтың өмiрi.

Жауап бер сұлтан, жазықсыз жанның жаны үшiн.

Жауап бер сұлтан, қарындасымның қаны үшiн.

Үмiтiн елдiң, бейнесiн болашағымның,

Бұлыңғыр етiп басқаға бұрдың бағытын.

Ұлы қазақпын, үш жүзiм рух тiрегiм,

Бауырларымның кiнәсi жоғын бiлемiн.

Жауап бер сұлтан, досымнан неге айырдың,

Әдiл еместi қабылдамайды жүрегiм.

Оқ аттың елге береке қашқан тақ үшiн,

Белгiлi бiзге саясатың мен бағытың.

Жауап бер сұлтан сен үшiн жесiр атанып,

Әпкелерiмнiң ашылмай кеткен бағы үшiн.

Таңдамай аттың қыз, бала, жас пен қарiсiн.

Адал едi ғой бауырларымның ары шын,

Жауап бер сұлтан, ақ жаулық таққан ананың,

Көкiрегiндегi өксiкке толы зары үшiн.

Жымқырдыңдағы халықтың адал табысын,

Бұзақылар деп таптадың елдiң намысын.

Жауап бер сұлтан,жауап беруге тиiссiң,

Жас сәбилердiң бақытсыз атқан таңы үшiн.

Жауап бер сұлтан халықтың көрген мұңы үшін,

Жауап бер сұлтан қырылған халық құны үшін.

Жауап бер сұлтан бұрмалап, бүгіп жасырған,

Жазылмай қалған тарихтың кейбір сыры үшін.

Ыстығыменен ызғарына шыдап даланың,

Жетi ай тұрды ғой қақ ортасында қаланың.

Әдiлдiк iздеп өлгенi өлiп, кеттi ғой,

Тiрi қалғаны ауырын артып жазаның.

Таппады халық заңсыздықтардың амалын,

Тазы боп шалды түлкi болған соң заманым.

Қылмыс деп бiлме қажығандықтан жол таппай,

Заңсыздықтарға заңсыз қайтарған жауабын.

Қолдар ем мен де саясатыңды жүрекпен,

Бас тiккен болсаң қазақтарымның қамы үшiн.

Қайтемiн бiрақ сасыған саясатыңды,

Қазағымды аттың жеке басыңның бағы үшiн.

Жанын аларсың жасыта алмассың қазақты,

Намысын, арын биік қоятын жанынан,

Нұры ұшып жүздің, жүректе мәңгі сыз қалды,

Маңғыстауымның желтоқсанда атқан таңынан.

Сөйлемей қалай, ұмтылмай қалай тұрамын,

Қырылып жатса киелі жердің қыраны.

Бас алғыш болсаң ала бер енді басымды,

Мен Адай бала Жаңаөзеннің ұланы...

 Медетбек АБДУЛЛАЕВ

+1 дауыс

Елбасымыза тең келер басқа ел басқаратын адам жоқ,Нұрағаға жетпейді ешқайсысы.

 

0 дауыс

23 жыл деген қазір енді аз жыл емес.Әрине идеал саясаткер болмайтын болар.Бірақ оның жақсы істерінен жаман істері көбейіп кеткен сияқты.Жақсы істері көзге көрінбей қалды десек те болады.Оған дәлел соңғы жылдардағы болып жатқан жағдайлар.

+1 дауыс
Бауырлар, интернетте отырып алып пікірталас жасағандарың дұрыс емес. Сендер не айтсаңдарда пайдасы жоқ. Бұл заман біреуді біреу ойлайтын заман емес, біреуге біреу тегін нан бермейді. "Кедейміз, ақша жоқ, жұмыс жоқ" - деп билікке сеніп отыра бергенше, қара жұмыс жасап ақша табыңдар, "есектің астын жусаңда, мал тап" - деген сөз бекер айтылмаған. Тоқшылықта өмір сүргісі келген адам билікті жамандай бермей өз бетінше еңбек еткені дұрыс, мен билікті мақтай алмаймын және жамандай да алмаймын. Осы күнге жете алмай жатқан елдер де бар. Осындай жағдайымызға шүкір лік айтып отыра берейік, бұл жағдай ұнамайтындар билікті жамандай бермей еңбек етіңдер(қалай болсада).
0 дауыс
Назарбаевтың еңбегін елемеуге болмайды.
0 дауыс
Елімізді әлемге танытты дейді,танымайды бізді.Таныса шетелдің саясаткерлері танитын болар,ал былай халық бізді Ресейдің қоластындағы автономия деп ойлайды.Осыншама байлықтың үстінде отырған 17 ақ миллион халық (шенуніктер мен бизнесмендермен басқасы) өлместің күнін көруде.Жұмыссыздық,кедейшілік жер жерде.Орысша айтқанда мы не живем,мы выживаем.Ал Ресейде 143 миллион халық бар,ар жағын өзіңіз ойлап көріңіз...
...