+4 дауыс
639 көрілді
Біз макаронды бір ай бойы болса қуырып жей береміз. Басқа тағам істемей. Бұның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін айта кетсеңіздер. Әлде зияны жоқ па?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Зияны бар-жоғын айтпағанда, бір тамақты жей беру жалықтырады ғой. Егер тіпті тек қана макаронмен ғана ауқаттанудан басқа мүмкіндік болмаса, оны былайша өзгертуге болады. Сіз оны май мен пиязға қуырдыңыз ба? Ендеше, енді макаронды суға бөлек қайнатып, пісіріп алыңыз. Ал май мен пиязды басқа ыдыста жеңіл қуырыңыз, үстіне үккіштен өткізілген бір сәбізді, сосын тәтті бұрыштың бір данасын,  бар болса бір помидор немесе томат пастасын салып қызартыңыз.  Үстіне аздап қана су құйып, 10-15 минут отта ұстаңыз. Сосын тарелкаға суға піскен макаронды салып, үстіне жаңағы тұздықты құйып жеуге болады (әрине, ет жоқ жағдайда дегенім ғой). Ал соншалықты зияны бар деп ойламаймын. Тек макарон өнімдері көмірсуларға (углевод) бай болғандықтан, адамның толуына әкеледі, тез тойындырады, сондай-ақ қуырылған тамақтың асқазан-ішекке ауырлық туғызатыны белгілі. Құрамында белок (етте, жұмыртқада мол болады) пен түрлі дәрумендер (көкөністерде мол) аз болғандықтан, ағзаңыз да сол пайдалы заттарға зәру болатыны сөзсіз.
+3 дауыс
Әрине зиянды.Бір уақыт овощтардан жасалған суп,картошка қуырып жемейсіз бе? Бағасы бірдей шығады ғой)))
+1 дауыс
Білмеймін,өзім зиянсыз деп ойлаймын.Тамақтың бір тнрін ұзақ пайдалану зиян болса қазақ тар осы уақытқа дейін біртүрлі болып кетер еді,өмір бақи ет жеп келеді.
Тек қана құр етті ғана жеп отырмаған ғой, етті қосып артүрлі тамақтармен тамақтанған болар))
Білем,соңынан турап нарын жасап жеген,одан не өзгерді.Қосылғыш тардың орнын ауыстырғандай ақ...
Америкаға қазақты қонаққа шақырыпты. Қазақтардың етті көп жейтінін естіген ол бір қойдың етінен әр түрлі тағам істетіп барін дастарханға қойған екен. Ал қазакем болса, шаймен тамақты ішіп болып, ет қашан болады деп сұрапты ғой )))
0 дауыс
Тамақты көп жеуге де болмайды және көп ұзақ уақыт тамақтануға да болмайды!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
2 жауап
...