+4 дауыс
10.5k көрілді
"Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбына реферат, кесте, суреттер керек?

1 жауап

0 дауыс
1 Тарау Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1.ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1Тіршілікті қамтамасыз етуіндегі азаматтық қорғаныстың (АҚ) ролі және негізгі міндеттері. АҚ құрылымы
Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі, қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР-ның Заңымен белгілінген.
Азаматтық қорғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.
АҚ міндеттері маңыздылық сипатына қарай шартты түрде 3 топқа бөлінеді:
І) Осы заманғы зақымдау құралдары мен бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан халыктың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: (дер кезінде хабарлау, байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау; АҚ күштерін құру және тұрақты дайындықта ұстау; радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды қадағалау; қорғаныс ғимараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қорын әзірлікте ұстау);
ІІ) Ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін кешенді шаралар жүргізу (ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды талдап жасау);
ІІІ) Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын (ҚжБШЖ) жүргізу.
[толық ақпарат][1]


  [1]: http://portal.vkgu.kz:1010/5732/glava_1.htm
...