+1 дауыс
4.4k көрілді
Қазақтың салт- дәстүрлерінен айта кетсеңіз.... :)

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
![descripktion][1]

Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шыға-рады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанын-да алдынан ақ шашады, үй-ге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құ-йып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жаман-дық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

 Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайны-ларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтей-ді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп, кінәласады.

 Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай жанжалда ауылдың, ел-дің абыройлы абызы «Араша!» Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.

 Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп ба-ра жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақи-лық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жи-налғандардан, олар одан кешірім сұрайды.

 Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз ба-су, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрме-тін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, кө-мегіне ақы алмайды.

 Асату. Оны С.Мұқанов өзі-нің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бас-тағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүре-тін-ді.

 Ат тұлдау. Ер адам қай-тыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қон-сын» деп балаларын ауна- тып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері- не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орын-дыққа ұлын аунатып алған көрінеді.

 Ауыз тию. Алыс сапара- ға аттанарда сол адам ауы-лындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара шаңырақтың кие-сі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ау- ыз тимеуге болмайды. Ас- тан ауыз тию - үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастар-қандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.

 Аузына түкірту. Бұл – қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындар-ға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ға- на жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен ту-ған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.

 Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішірею- дің ең ауыр түрі – осы ғұ-рып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.

 Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап кел- ген адамдар туған-туысқан-дарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақ- ты сыйлықтар әкеліп бере- ді. Мұны базарлық деп атайды. Ол жақсы көргеннің, сый-лағанның белгісі.

Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.


  [1]:
Бәсіре атау. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратыла- ды. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.

 Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғым-ды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

 Ен салу. Малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі – ен салады. Ол малын та- бу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен, т.б. Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың ма-лы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетін-ше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды.

 Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-ту- ыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтен- сімей, өз ортасына тарта білген.

 Жол беру. Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғы-зады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғаш-қысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жо- ралғы болып саналады.

 Жылу жинау. Бір бақыт-сыздыққа ұшырағанында, үймүлкі, малынан айырылған-ында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор- тасынан бір адам ұйымдас- тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшыра- ғандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қарта- ға салып ұтқызып жіберген- дер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

 Жұмалық. Бұрындары дә-ріс алып жүрген шәкірттері жұма күні молдасына сыбаға- ға ет, қымыз, май, құрт әке-летін болған. Оны халық жұмалық деп атап кеткен. Алайда жұма күні қыз-келін-шектердің, әйелінің қойны-на барып, еркектік парызын өтеуді де жұмалық санайтындар бар...

 Көрімдік беру. Нәресте-лі болғанында, келін түсірге-нінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан кел- ген құдаларға болашақ ке-ліндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.

 Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақта-сып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.

 Көгентүп беру. Малды адамдар жақын туған-туыс- тарының кішкентай баласы- на бұзауларының, құлында-рының, қозыларының, лақта- рының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бер- мей кету-өнегесіздік, дүние-қоңыздық. Қайырлы болсын айту.

 Бала туғанда, келін түсірген-де, тағы да басқа үлкен қу-аныштарға ие болғанында ту-ған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар қайырлы бол- сын айтпағандарға ренжиді де.

 Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарас-қан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үй-дің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

 Қалау айту. Біреудің жақ-сы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұн- дай сыйлы, жөн-жоралғысы-мен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

 Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа са- латын болған. Ол - өлең ай- тыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қо-нақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себеп- ті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәріз-ді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.

 Қорықтық құю. Ол – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорға-сын сұйығы бір бейне қал-пына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен не- месе адамнан, жыланнан қо-рыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазы-латынына сендіреді. Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр- шағын салып Аллаһ Тағала-дан перзент сұрап жалба-рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.

 Салауат айту. Ол – Ал- лаһты, пайғамбарды ма-дақтап айтылатын дұға. Оны намаздың соңында зор ынта-ықыласпен оқиды. Сауға сұрау. Бұрын-дары қылмысы үшін бір адам ауыр жазаға, өлімге бұйырылғанында өте беделді кісілер барып оның жазасын жеңілдетуді, кешіруді сұраған. Сөзі өтсе айыптаушы жақ та, билер де ондай адамдардың өтінішін орындаған. Мұны сауға сұ- рау деп атайды. Сауғаға жазасы сұрап алынған адам да жолынан жығылмай құн, шығын төлеген, екі жақты бітістіруге күш салған.

 Сауын айту. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, бір жыл бұ-рын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік ат- тарын қосып, астың, той- дың жақсы өтуіне жан-жақ-ты қолдау көрсетеді. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.

 Сүйінші сұрау. Өте қуа-нышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сү-йінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақ-сы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме. Біреу арқы- лы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көй- лек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік бай- ланған). Сәлемдеме жолау- шының жүгін ауырлатпай- тындай болуға тиіс. Алыс-тағы адамдар бір-біріне та-ныстары арқылы ауызша сәлем, өтініштерін де жолдайды. Сірге мөлдіретер. Бие ағытар күні берілген қы-мызды - «Сірге мөлдіретер» деп атайды. Оған ауылдың ақсақалдары, әжелер, ел ағалары шақырылады.

 Сүйек жаңғырту. Бұ- рындары құда-құдағи бол- ған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құда- лықты одан әрі жалғас-тырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр.
Жақсы жауап екен маладес )))))))))
Ноут. алдындағы әжейге ризамын_))
))))))))))))))))) ноут.алдында татен отыр. Ризамын го немерелеріме
~ Аваңды айтып едім. . . ренжіме, Сұлу Қыз_91)
Реніш жоққой. ИншАллах осы әжейге жасымыз жете берейік. ))))
0 дауыс
[Аз болса да көптей көр, мен саған суретпен көмектескім келіп отыр!!!][1]
![d][2]
![description][4]![description][6]


  [1]: http://menkazakpyn.ucoz.kz/publ/
  [2]:
  [4]:
  [6]:
...