0 дауыс
2.3k көрілді
Қазіргі уақытта көптеген қазақ халқының салт - дәстүрлері ұмытылып бара жатыр. Осындай кең аудиториялы сайтқа ұмытылып бара жатқан дәстүрлер мен салттар туралы жазғаныңыз үшін алғысымды білдіремін! Егер де сіз осы мақалаңызға жоғарыда айтылған салттарды дәріптеу жолдарын ұсынсаңыз, мақалаңыз бес жұлдызды болар еді. Бірақ, осындай дәстүрлерді іздеп, тауып жазғаныңыз үлкен жұмыс болып табылады.

1 жауап

0 дауыс

Дәстүрлі қазақ қоғамында келін түсіру салтанатына бүкіл ауыл болып дайындалған. Той кезінде түрлі салт-жоралғылар орындалған. Оның көпшілігінің қазіргі күнге дейін қаймағы бұзылмай сақталып келеді. Сонымен, бүгінгінің келіні қандай салттарды ескеріп, қай салттарды еске алуы керек?

Түйе мұрындық деген не?

Бұл – қазақтың әр жаңа түскен келіні білуі тиіс салттың бірі. Бір топ әйел қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көштің алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Салт қазіргі уақытқа дейін сақталып келеді. Әлбетте заман талабына сай, ұзатылған қыз жаңа отбасына түйемен емес, көлікпен барады. Оны жеңге, абысындары тәтті, дәмділерімен, шар, ленталарымен күтіп алады. Көліктегілер оларға сый ұсынады. Қазіргі кезде кәде көбіне ақшалай беріледі. Алайда мұның ежелден келе жатқан “түйе мұрындық” екенін бірі білсе, бірі білмейді.

“Келін түсіру” салтанатына келген қонақтарға табақ тартылғанда, үлкендер жағы келінге арнап үлпершек, төс салып жібереді. Ол “ұл тап, төстей қайқайып жүріп қайын жұртыңа қызмет ет, майдай бат, судай сің” дегенді білдіреді. Келін сәлем етіп, тағамды қабылдап, өзі ауыз тиіп, жанындағыларға береді.

“Беташар” жыры жаңа түскен жас келінді таныстыру, келіннің міндетін түсіндіру мақсатында үлкен жиын ортасында айтылады. Беташар айтушы келіннің келген жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап туыстарының үлкен-кішілерін жеке-жеке таныстырып, келінге олардың әрқайсысына иіліп сәлем еткізеді. Жаңа туыстары бұл сәлеміне, көрімдігіне сый береді. Ертеректе сый ретінде түйеден бастап ешкі-лаққа дейін төрт түлік мал аталған. Осылайша бүкіл ауыл-аймақ, ағайын-туыс болып, жас отауды ел қатарлы үй етуді көздеген.

Келін түсіру тойы аяқталған соң, жас келінді туыстары үлкен үйдің есігін ашуға, қонаққа шақырады. Отбасын көрсетеді, бата береді. Оны қазақтар «есік ашар» деп атайды. Есік ашарға шақырылған келін құр қол бармайды, өз тойына келген жасаудан көйлек-көншек ала барады. Үлкендерге сый көрсетіп, ибалық танытады.

Бұл да – жас келін білуге тиісті ежелгі салтының бірі. Келін түскен үйіне түрлі көйлек-көншектерді іліп қояды. Оны көрші-қолаң, жақын туыстары келіп алып кетеді. Бұл салт қазақта туған-туыстың байланысын қоюлатуға қызмет еткен. Жас келін келген қонақтарына шай құйып, иіліп сәлем беріп, дастархандағы көп адамның шынысын аустырмай шай құяды. Осы арқылы оның мұқияттылығы сыналады.

Басқа да мәліметтерді мына сілтемеден оқи аласыз.
...