+5 дауыс
656 көрілді
Мен, жасым 33те. Жолдасым және екі қыз және бір ұлым бар. Жолдасыммен отасып тұрғаныма 11 жылдан асты.
Менің айтайын дегенім жолдасым өте қызғаншақ, тіпті себепсізден себепсіз қызғана береді. Мен мектепте мұғалім болып жұмыс жасадым, ал оның ойынша мектептегі ер адамдардың бәрі менімен жүреді, содан мектепті тастап балдарыммен үйде отырдым, ол сол кезде тұрақты жұмысы болмай ол да отырды, бірақ балдарының аштығына қиналған ол жоқ, содан мен қолымнан келген барымды жасап(тоқуышпен шұлық, бас киім және торт пісіріп торт саттым) балдарымды бақтым, ал оган бір нәрсе жетпейді деп әңгіме айтсам араққа салынып мені сабап та жүрді. Содан 2010 жылы мектеп директоры мұғалім жетіспей жатыр деп мектепке шақырды, содан жолдасымнан рұқсат сұрап жұмысқа шықтым, енді қайтадан сондай әнгіме айтып бастады. Шынымды айтсам мен одан жиреніп кеттім, ажырасам деп сотка да бергем, онда әке-көке бәрін де коямын деп уәдесін берді де бар болганы 3-4 ай қойып қайтадан бастап араққа салынып ішіп 15 күндік жұмыста жасайды, демалыс уакытда менімен жағаласып өтеді. Мен тіпті одан шаршап біттім, өзі бір адаммен араласпайды, тіпті көрші көлеммен амандасуга да жарымайды, ал менің адамдармен араласканымды жактырмайды. Бұндай адамга қалай жағынуға болады, кайтсем екен а?

7 жауап

+4 дауыс
Қызғаншақ адамдар туралы былай ойлаймын: олар психологиялық әлсіздеу адамдар. Өз өздеріне сенімсіз, бір нәрсені байыппен түсінуге тырыспайды. Содан түсінбеушілік пайда болады. Түсіне алмаған адамның ақырғы әрекеті, қызғануға әкеледі. Осылай өзін комфортно сезінеді шамалы болса да. Шындығында қызғаныш бар мәселенің шешімі емес қой? Сондықтан, ондай адамдарға түсінушілік жасау керек. Кейін қызғаншақ қасиетін болдырмаудың амалын жасау керек.
+4 дауыс
Жасыныз 33-те екен,2-қызыныз 1-ұлыныз бар екен,1-кенесім бар ол:көне бер басқа амалыныз жоқ уақыт өте дұрысталар!(менін ойым)(hi)
Сол уакыт оте тузелер болса мен сонда неше жыл тозу!м керек оган?
11 жыл отті, жасы 37 де алде де уакыт керек деп ойлайсыз ба
+2 дауыс
Өте қиын жағдай екен,сізді қатты аяп кеттім.Нақты жауабым жоқ.Сонда да психологке барып көріңіз немесе жақындарыңыздан ақыл сұраңыз.Өмірге шыдауыңызға тура келеді,өтіп кетер.Бұл Аллаһтың қалауы деп біліңіз!
+2 дауыс
Осы күн үшін Аллаға шүкіршілк етіңіз. Оның қылықтарына шыдауыңызға тура келеді, себебі 2 қызыңыз бен ұлыңыздың жағдайын ойлаңыз. Балаларыңыздың бақыты үшін бәріне де көнесіз...
Әрине, өмірге келгеніме! және осы өмірде ана болу бакытына боленгеніме өте ризамын, шукіршілік етемін! МЕН ТІПТІ ӨЗ-ӨЗІМДІ ЕН БАКЫТТЫ ЖАНМЫН деп айта аламын,
Бірақ шыдамның да шегі бар емес па?
+3 дауыс
Адам өміріндегі қиыншылық - Жаратқанның сынағы. Себебі, бұл өмір бәріне де сынақ ғана. Қиыншылық әр адамның басында болады. Оған берілу де, оған мойымау да адамның өз еркінде. Қандай жағдай болмасын, оған кінәліні емес, оны шешудің жолын қарастыру керек. ИМХО
+4 дауыс
"Темірді - тат, адам жанын қызғаныш жейді" Гүл,бұл отбасылық мәселе сізді ғана емес күйеуіңізді де әбігерге салып жүргені анық. Өйткені ол қызғанышын тежей алмай жүр, ал сіз оның қызғанышынан жапа шегудесіз. Қызғаныш екі адамның да жанын жаралайды. Қызғаныш екудің арасында жиі орын алатын мәселе. Сондықтан, бұл мәселеден құтылуға, күйеуіңізді қызғаншақтықтан арылтуға әрекет жасаңыз. "Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкентай нәрсенің - үлкен нәрсеге,  ергежейлілерді - алыптарға жорамалды - шындыққа айналдырады" деп М. Сервантес айтқандай, қызғаншақ адам көп жағдайда ұрысқа себеп болар нәрсені өз қиялынан тудырып алады.  Көбіне еркектер өзінің әйелін қызғануға себептерді өзі ойлап табады екен, әйелім де маған адал болмауы мүмкін деген созылмалы ойларынан арыла алмайтын көрінеді. Әйеліне деген күдіктенулерін ұрыс-керіс арқылы шығарады, және өз бойына жиналып қалған теріс эмоциалардан арылу үшін әйелін ұрып-жығады. Егер сіз күйеуіңіздің не себептен қызғанатынын анық білсеңіз, ортақ сенімділікті орната аласыз. Сөйтіп, еріңізді қызғаншақтық сезімінен арылта аласыз. Гүл, отбасыңыздағы кез-келген мәселеде одан қашуды емес, құтылуды ойлау керек қой. Ал сіз ажырасуды ойлап жатырсыз, ал балалардың толыққанды отбасында өскені дұрыс. Ең алдымен, күйеуіңіздің қызғануын сіздің сол адамға қымбат екеніңізді ұғыңыз. Оның қызғаншақтығы  сізге эмоционалды тәуелдікте екенін біліңіз, қатынасыңызды сенімділік негізіне бұрыңыз, күйеуіңізге көбірек көңіл бөліңіз.   Осыған орай, ақын Уәйс Шондыбайдың ой салар сөзін жадыңызда ұстаңыз: "адамның нәпсісі - қасқыр, ақылы -қақпан, сол қасқырдлы ақылмен қақпанға түсіріп отырсаңыз, нәпсәнәң емес, ақылдың құлы боласың!"
Егер күйеуіңіз қызғаныштан ұрыс шығарып жатқанда , сіз ашу-ызаға жол берсеңіз, жағдайдың мәнісін саналы түсінуден қаласыз.  Сондықтан мұндай жағдайда мейілінше сабырлы болғайсыз. Ерлі зайыптылар екі алақан секілді ғой, екеуін бар екпінмен әкеліп бір-біріне ұрсаңыз, сарт ете қалады. Ал, бір алақан өздігінен мұндай дыбыс шығара алмайды. Сол үшін де күйеуіңіз ұрыс шығарған да, сіз қарсы келмеңіз. Сонда ешқандай керіс орын алмайды. Күдік тудыратын ешқандай қылық жасамаңыз және ешқашан өтірік сөйлемеңіз. Сонда күйеуіңіздің сенімділігі артады, сізге сенбей жүргендіктен оның балаларға көңіл бөлгісі келмейді. Сенімділік мықтап орнаған жерде қызғаныш та болмайды. "Еркекті гүл ететін де, құл ететін де әйел"
Иа, толықтай келісемін. Күйеуімен ерегеспегені де абзал. Әйтпесе жағдайды әбден ушықтырып алады. Адам нәпсісін ақылға бағындыра алмаса, осы ғой түймедейді түйедей қылатын. Сіздей қыздар айналамнан табылса..... Шіркін....
+2 дауыс
Жағдайыңыз қиын екен. мені ойландырып тастады. Өйткені менімде сөйлесіп жүрген жігіт өте қызғаншақ. Сізге жауап бере алмайм. Тек айтарым сабырлық танытып жүре беріңіз. Сабырлық бәрінде жеңеді деп ойлаймын
...