Cіздің өмірлік ұраныңыз қандай?

+11 дауыс
12.3k қаралым
Әр адамнын өзіндік ұстанатын принципі, девизі болады. Сіздің ұстанатын ұраныңыз қандай?
• Санаты: Тұлға, Адам
өңдеді | 12.3k қаралым

25 жауап

+9 дауыс
Жақсы жауап
Ұраным алаш:
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты - Қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем -Қазақ, шешем-Қазақ,
Мен неге Қазақтықтан сақтанамын!
+10 дауыс
Досқа - адал, дұшпанға - қатал. Дұшпаныма дұшпан болар менің сөздерім. Қысқасы дұшпаны жоқ адам болмайды. Өмірдің қиындықтарына басыңды иземеу.
+8 дауыс
"Жамандыққа-жақсылық" барлық кезде солай бола бермейді, қолымнан келгенше
+6 дауыс
"Шығамын тірі болсам адам болып" осы сөзді ұран қылып өмір сүріп келем
+6 дауыс
Өзіңнен өзің алыстасаң, сүріп жүрген өміріңнің мәні болмайды!
+9 дауыс
Не дейін, өзім ақ жөнделейін. "Жүрегіме бір сәт үңіліп көрейін. Лайланған ба? Кінә кімде? Таза қылып жаратқан Аллах Тағала да ма, әлде тазалықты сақтай алмаған өзімді ме?"Мен үшін НАМЫС бірінші орында ж/е Әркезде де сабырлы бола білу ж/е
Алға — тек қана алға ұмтылу!
Өткенге еш уақытта өкінбеу! менің өмірлік ұраным!
Ы, негізі менің ұраным жоқ. Өмір сүр, көр, біл, үйрең деген болмаса...)
+8 дауыс
АЛЫНБАЙТЫН АСУ ЖОҚ
+8 дауыс
Берілмеймін ешқашан,
Алға самғап ұшамын!
Үміттенемін әрқашан,
Болашаққа сенемін!
+6 дауыс
~ Veni, vidi, vici ([weːniː wiːdiː wiːkiː] - Келдім. Көрдім. Жеңдім. ~  ---Өмірлік ұраным. (Кей жағдайда Келдім. Көрдім. Сабақ алдым. -ға ауысып кетіп жатады...)))
Қызық екен, "сабақ алдымға" ауысып кетіп жатады. Кейде, сабақ алудың өзі жеңіс)
Спорт пен еңбек бәрінде жеңбек!!!
+3 дауыс
Өмірде барлық нәрсе бітет, соны ұқ!!!
+2 дауыс
Кypеciп iздеy. Таyып алып беpiлмеy!
+2 дауыс
Алға, алға, алға) деген сөзді жиі есіме түсіріп отырам, мүмкін ұраныма да айналып кеткен шығар!
+2 дауыс
Менің өмірлік ұраным деуге келмейтін шығар. Дегенмен өмірлік ұстанымдарым десем болады.

- Жақсы, табанды, әрі тиянақты адамның өзіне артқан жүгі ауыр және жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі - адамгершілік, ол ауыр болмай қалай болсын?!

- Ақылды кісіні көрсең, соған ұқсауға ұмтыл. Ақылсыз адамды көрсең, өзіңді онымен іштей салыстырып көр де, ойлан!
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

- Не істесең де, ойланып істе. Ойланбай іс қылсаң, қор боларсың.

- Өмірдегі әр сәтті бағалай біл. Әр секундтың қадірін біл.
+1 дауыс
Тау суы тыныш ешқашан ақпаған,
Сондада мәңгі мөлдірлігін ол сақтаған.
Аз үлес тисе арзандап кетіп жүрмегін,
Адалдығыңды,арыңды әркез сақта, Адам !
Дарияларды қаншама дауыл шайқаған,
Бәрібір тұнық, болды ма кезің байқаған.
Сан қиындыққа салып қойса да тағдырың,
Езіле көрме,еңсеңді көтер қайтадан!
+1 дауыс
Қолыңнан келсе доска көмектес,одан кайтпаса кудайдан кайтады
0 дауыс
Нұр Отанға дауыс бер,далада қалмайсың.!:D
+1 дауыс
ұраным: Әлін жетпеген жерге қылышынды сүйреме
+1 дауыс
Өмірлік ұраным: Қаймықпа өмірден түңілме тек қана алға қадам жаса
+1 дауыс
Таспен ат0анды аспен ату
0 дауыс
Адам болып келдім өмірге,адам болып кету арманым! менің ұраным осы!(nod)
0 дауыс
Бір қазақ - Отан! Екі қазақ - Нұр Отан!! Үш қазақ - НҰРСҰЛТАН!!!Хеее
+1 дауыс
Қазақ боп қалу, жақсы киім кию, мәнді өмір сүру, адамдығым мен қарапайымдылығымды жоғалтпау, абыроймен өлу!
0 дауыс
Мен қазақ қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға'Алаш'деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
0 дауыс
Жыртқыштар заманында тышқанға айналып кетпе! Жоқтан бар жаса!
0 дауыс
Адам болып келдінбе - Адам болып кет

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
17 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
14.11.2023 • Санаты: Мектеп Каусар сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
27.10.2023 • Санаты: Мектеп Еңлік сұрақ қойды
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы