+7 дауыс
608 көрілді

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Брюс Ли – шығыс жекпе-жегінің шебері, Америка және Гонконг киноактері, сондай-ақ кинорежиссер, продюссер және сценарийші.
1940 жылы 27 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. Қытайда Ли Сяолин, Ли Чжэньфань есімдерімен де танымал. Бала кезінен фильмдерге түсе бастаған.
Кино мансабында 36 фильмге түскен. Батысқа Шығыс жекпе-жегін танытқан. Оның өмірі мен шығармашылығы жайлы 30-ға тарта фильм түсірілген. ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа елдері мен АҚШ-та шығыс жекпе-жегінің жұлдызы ретінде кеңінен танылған. Кунг-фу және тайжичуан өнерін меңгерген. Сонымен қатар бокспен және дзюдомен айналысқан. «Джит Кун-до» деген атпен кунг-фудың өзіндік стилін жасап шығарған. 1971 жылы отбасымен Гонконгқа көшіп келеді. 1973 жылы 20 шілдеде Гонконгта 32 жасында қайтыс болған.
+1 дауыс
[Википедия!][1]


  [1]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8,_%D0%91%D1%80%D1%8E%D1%81

Ұқсас сұрақтар

...