+1 дауыс
Бүгін ҚР Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Өзінің құттықтауында ол республиамыздың гүлденуіне өздерінің үлестері мен игі істерін қосып жүрген елдің православ азаматтарына ризашылығын бідірді.

«Осынау жарқын мерекеде барлық діндарларды ізгілік пен мейірімділіктің биік мұраттары біріктіреді. Мереке әр үйге игілік пен бақуаттылық әкелсін, бұл күндері бақыт, сүйіспеншілік, және береке жүректерді қуанышқа толтырсын», - деді Қ.Лама Шәріп.

Дереккөз: ҚазАқпарат
08.01.2012 549 қаралым

2 жауап

+5 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
ҚР Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы ретінде Қайрат Лама Шәріптің құттықтауы дұрыс. Елімізде екі діннің басты мерекелері демалыс күні болып белгіленіп, мемлекеттік мейрам болғасын солай істеуге қызметтік этикасы бойынша міндетті. Бас мүфтиіміз де құттықтаған, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты, зайырлы мемлекетпіз ғой.
08.01.2012
+4 дауыс
Басқа діннің өкілдері де біздің мейрамдарды құттықтап жатады ғой. Бұл оның міндеті болған соң құттықтап жатқаны да. Тіпті Бас Мүфтидің өзі құттықтады.
08.01.2012

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
127,966Сұрақ
322,914Жауап
153,168Пікір
73,049Қолданушы