0 дауыс
42.4k көрілді
Менің ернімде ұшық пайда болды. Бұны тез арада қалай кетіруге болады? Әлде тез арада кетуі мүмкін емес пе? Спирт қолданып қарап едім, бұл көмектеседіма?

4 жауап

0 дауыс
Ұшықты емдеу

Ерінге жағалай шыққан ұшық сөйлегенде, тамақ ішкенде ыңғайсыздық тудырып қана  қоймай, келбетті де бұзып тұрады. Ем қолданбасаңыз асқынып, ұзақ уақыт кетпеуі де мүмкін. Сол себептен  ұшық шыққан бойда дереу мына ем түрлерін қолданыңыз:

·        1 стақан суға (200 гр) 1 шай қасық 6 пайыздық алма сірке суын қосып, ұшықты күніне 6 рет осы ерітіндімен еппен сүртіңіз. Сонымен қатар сірке суы қосылған сумен аузыңыз бен мұрныңызды шайыңыз.

·        Табаға 2-3 ас қасық қорытылған сары май салып, қайнатыңыз. Май суыған соң оны ұшыққа бірнеше күн жақсаңыз тез жазылады.

Бірінші қолға алу керек нәрсе - иммунитетті жоғарылату. Дәрумендер мен минералдарға бай, пайдалы тамақ ішіңіз, дәрумендер жиынын қабылдаңыз. Ағзадан улы заттарды шығарудың бірден-бір амалы - спортпен шұғылдану.

Ұшықтың өзіне түймедағы қайнатпасына батырылған мақтаны қойып емдесе болады. Сондай-ақ жалбыз, женьшень, қырмызы қайнатпаларын ішу керек.

 

Болмаса дәріханада сатылатын мазьдар бар арзан тұрады соларда жақсы кетіреді.
0 дауыс
емдемесеңіз асқынып кетуі мүмкін ұшық көбінесе тамақ ішкеннен кейін ауызды көп күн жумағаннан пайда болады
0 дауыс
Ұшықты емдеу үшін арнайы ұшыққа арналған ацикловир деген дәрі бар.Ол дәріні күніне 5-6 рет жақсан 2 куннин ишинде жазылып кетеді. Және синафлан деген дәрі ұшыққа арналған, ары кетсе бір күннің ішінде бетін жиырып содан 2-3 күн ішінде жазылады.Ең қарапайым түрі кәдімгі тіс пастасын алып, ұшыққа жақса, коп узамай ол жазылып кетеди.
0 дауыс
Басталды дегенде бөрткен күйінде құлық не йод жағу керек. Құлақтан бөлінетін құлықпен (сера) тез кетеді. Егер қанап күлдіресе кәдімгі кір сабын үйкеп көпіртіп жаға берсе микробы өліп тез кетеді. Ацикловир левомеколь мазьдері мен зовиракс созып жібереді, люголь жағу керек. Ротаканмен сүртсе де тез қатаяды. Ұшық ыстық жақсы көреді. Теріскендегідей суға піскен жұмыртқа қызуын не пеленка үтіктеп басса, ыстық шай құйылған ыдысты ерінге тигізіп отырса тезірек жазылады.

Ұқсас сұрақтар

...