+3 дауыс
886 көрілді

5 жауап

+3 дауыс
Дәл қазір Мені: Комп. алдында ыстық шәй ішіп, https://surak.baribar.kz/ сайтында отырғанымды, сон.қатар муз. тыңдаған біраз расслабон қалыптағы күйімде көре аласыздар.
Ал жалпы Далада тыныс алғанды жөн көремін, Достарыма барып дегендей...  ...Кроссворд шешемін (Әр беттен көп дегенде 12 сөз..), үй жинастырамын ( жеңгешкА басқа жақта, Анамнан өзге қыз жоқ опшым үйде..), Сабақ қараймын, толықтырамын... ...болмай жатса, ағама барып Бильярд ойнап қайтуды ұнатамын. Дәл қазір https://surak.baribar.kz/70312/  <---- Мына сұраққа жауап бердім. Рахмет сұрағыңызға.
агентке кирмисинба не?
Агентке кіретінмін. Күніне кем дегенде 3 сағат уақытымды БОС-қа өткізетінімді ұқтым.Сөйтіп, почтамды, Мой мирді өшіріп тастағаным. Қазір бар, оны тек сайттарға байланыстыру үшін қолданамын. Әттең деген кезім болды, себебі 500-ге жуық Достарым сонда.Көп жаңалықтан қалып қойдым ба деп...Дегенмен, кірмеймін. Айтпақшы, анда-санда ВКОНТАКТЕ -де бармын. )
Дұрыс шешім деп ойлаймын.. ~ Alish ~ )) Алда да сізге зор нәтижелерге жетуге тілектеспін...!
рахмет, ЖасиКо ханым.
дұрыс, мен де солай етсем ба деп ойлап журмін
ал мен сондай қадамға әлі жете алмай жүрмін, бірақ сабақ алатын нәрселерім көп- ақ екен
Қадамдарыңыз берік болсын, Сәттілік !!!  [.. алайда почтаңды өшірмей-ақ, "кірмей" қоюды жөн санаймын. Кез-келген уақытта керек болып қалу әбден мүмкін екен...)) ]
+2 дауыс
Уақытымның көп бөлігін сабаққа арнаймын. Одан қалса қоғамдық жұмыстарға араласып, ән айту, көркем сөз оқумен, пікір-сайыс орталығымның жұмысымен айналысамын. Үйдің шаруасы, жеке өмірім тағы бар. Осылай таң атырып, күн батырып жүрген жайым бар. Әр күнгі уақытым әртүрлі өтеді.
кешегі күн өтіп кетті,ертеңгі күн белгісіз  деп жүрсіз..................
ия, солай... өткенді ойламай, болашақты болжамай бүгінгі күнмен өмір сүріп жүрмін...
Өткенді ойламай қалай Болашаққа қадам баса аласың? Сонда ертең не болады екен деп ойламайсың ғой ия.. бұл да қызық
Бекболат Тілеухан бір сұхбатында болашаққа қандай жоспарыңыз бар деген сұраққа "Мына есіктен(есікті нұсқап) аман-есен шығып кететінімді де білмеймін" деп жауап берген екен. Менің де пікірім осылай...
олайда болатын шығар ,бірақ алдыңызда армандарыңыз көп,сондықтан ертеңгі күнінізді қазірден жоспарлау керек
кеңесіңізге рахмет!
оқасы жоқ
+2 дауыс
Сол әдеттегідей махаббатпен арпалысып. Сезімдерді мына қапталдан ана қапталға, ана қапталдан мына қапталға лақтырып, әйтеуір сөйтіп күн алдынан түн артынан күндер зырғып ағып өтіп жатыр.
ал сіз бар уақытыңызды махаббат сезімімен өмір сүрмекшімісіз,
Жоғ-ай. Әбден мезі болдым. Қазір сол доғарып жүрмін қыздарды ойлауымды. Өзгерістер бар, Бұйыртса ұмытып кетуіме сенемін де, сеніп те келемін.
онда сәттілік сізге!
Аха, рахмет рухани қолдаушым.
аха оқасы жоқ
+2 дауыс
Бір-бірінен әсте айырмашылығы жоқ күндер өтіп жатыр, алданышым осы интернет сияқты. Өмір шахмат тәріздес бірде қара, бірде ақ, бірде қара, бірде ақ десем дәл қазір қара линияда тұрғандаймын....
0 дауыс
Қазір, свет өшірулі, Қалқатайым өлеңінің бітуіне 14 секунд қалды, сұрақ-жауап.кз сайтында отырм, бір жақты ойын тұр, оны ұмытып кетіппін, сағат 23:17!!!
...