Психологиялық кеңес | 331 қаралды
331 қаралды
Мен бар ғой, жұмыста күні бойы осы "сұрақ-жауап" , тағы басқа сайтта отырамын.Жұмыс істемеймін. Кейін ойлаймын, егер өстіп интернетте отыра берсем, жұмыс жасамай жүре берсем, жұмыстан шығып кетемін бе деп. Бірақ, олай ойлау маған соншалықты қорқынышты емес сияқты болып көрінеді. Өзімнің жазуға тиісті қағаздарымды жазудың орнына күні бойы отыра беремін. Қарындасым маған ұрысады: немене кешке дейін отырасың, сол бір түк пайдасыз сайтта? Одан да қағаздарыңды жазбайсың ба деп. Сооол, осы сайтта интернетке тәуелділік, интернетке тәуелділік деп біраз сұрақты  да қойып тастаған едім кезінде осы сайтта. Енді сұрақ, егер мен осылай бос уақытымның көп бөлігін өстіп сайтта өткізе берсем, ары қарай не болуы мүмкін. Қазір де отырмын, ештеңе жазбай. Осы сайттағы сұрақтарды ақтарып, біресе фейсбукті, біресе майл.ру -ды. "Мой Мир"-ді аккаунтымды өшіріп тастасам, біраз уақыттан кейін қайтадан ашып алуым мүмкін , керек болып қала ма деп. Қысқасы, өстіп өз-өзіммен әурелену қашанға дейін жалғасуы мүмкін, бұл менің өміріме зияны тиюі мүмкін бе? Әлде психологпен сөйлескенім дұрыс па? Бірақ, психолог 3мың тг алам дейді, сол 3мың тг ақталуы мүмкін бе?

3 жауап

Интернетті тастап, қара жұмыс істеуге кеңес беремін. Виртуалды яғни шынайы емес өмірден шынайы өмірге көшіңіз. Психолог маманы ақшаңызды ақтайды-ау, тек ол айтатын әңгімені үйдегі анаңыз да айтар еді. Тыңдар құлақ болса ақыл айтатын адам табылады.
Жақсы Жауап
жұмысым компьютьермен де байланысты көбіне. Сондықтан жұмыстан өздері қумаса,шықпаймын-ау.:D
Әрине мұның зияны сізге тиеді!

Жалпы жұмысқа кіріп, ай сайынғы еңбекақыны алып отырған соң сол еңбекақыға еңбегіңізді сіңіруіңіз керек емес пе?!  Күндегісін күнде істеп отырсаңыз өзіңізге жеңіл болады ғой!

Және айтарым, өтіп жатқан уақыт сіздікі, өмір сіздікі ғой судай сырғып жатқан... сіз кішкене ғана болашақ жайлы ойланыңызшы... Армандарыңызға ой жүгіртіңіз!

Мына өмір онсыз да қысқа өмір, өтеді де кетеді! Ал сіз сосын балаларыңызға немерелеріңізге не айтасыз?! Әлеуметтік желілерде қалай топ жарғаныңызды ма? әлде әлеуметтік желілерде талай жігітпен сөйлескеніңізді ме?

 Жай ғана ойланыңыз..... Өмірде еске аларлықтай қызықтарыңыз бен қуанышты сәттеріңіз, тобырлаған достарыңыз бен жиналып туыстарыңызбен қосылғанда еске алатын сәттеріңіз  болмай қалмасын.....

Сізге көмек ретінде болсын: менеджментте "самоменеджмент" деген бар, сіз сол жайлы қарастырыңызшы! Ол жайлы интернетте мағлұмат деген жетерлік)
Мен жігітпін :D
Әлеуметтік желілерде топ жарған емеспін.
Психологқа бар расымен!!!"3 мың теңге" ем болсын!!!
Досым аз.
Омиринизди жана паракшалардан ашыныз,барлыгын жанадан бастап,оз озинизге келип друсталмасаныз сизге ешким жумыс тауып бер демейд,сизге ешким интернеттен шык жумыс исте деп айтпайды,Казирги заманда ар адам оз басын алып журу керек,биреу биреуге демеу болмайды,алпарыскан Заман.Осындай Заманда 21 гасырда жаксы омир сурип омиринизди озгертиниз,олай болмайды гой интернетте отыра беру.Омир кыска гой осындай кыска омирде сиз барин жасап жумыска турып оз озинизге келуиниз керек.
118,122 сұрақ
304,630 жауап
153,303 пікір
66,760 қолданушы