Мысал: енесінің сіңлісінің немересі үйленеді. Беташарда жас келінді сүйеуге әпкесінің келінін қояды. Жас келін енді түсінікті, келген жеріне, яғни қайын жұртына сәлем салады. Ал айдаладағы түскен жері бөлек, әпкесінің келіні не үшін сіңлісінің қайын жұрты мен төркініне, сіңлісінің келінінің төркініне, былайша айтқанда бөтен елге сәлем салып жас келінді сүйеп тұру керек? Сол дұрыс па жалпы? Ертең мен ене болсам, өзімнің келінімді сіңілімнің тойында сәлем салдырып қоймаймын ғой. Өйткені сіңілімнің барған жері маған құда. Бөтен отбасы. Оларға менің келінімнің еш қатысы болмайды. Сол үшін де орынсыз деп санаймын. Түсіндіре алдым ба, білмеймін.