Салт-дәстүр туралы | 3.7k қаралды
3.7k қаралды
Жекжат дегеніміз қандай туысымыз? Балдыз деп еркектерге де айта бере ме?

3 жауап

Жақыпбек(Jako) ағаның жауабынан үзінді келтірсем деп едім. 

Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам-Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап , жете білсең адаспайсың деген тағлым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәмсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген, және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі:
1. Ата.
2.Бала.
3.Немере.
4 Шөбере.
5.Шөпшек.
6.Немене.
7.Туажат.
8.Жекжат.

Жекжат жеті атаға кірмейді.Жекжат-деген енді қыз алысып,қыз берісіп бір бірімізбен туыстық қатынастан,құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кедерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып,қыз беруге жеткенін жариялап, бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп ер жетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұхсаттарын беретін болған. Бұның өзі үлкен мағанада боз бие сойылып,әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған.Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған.

Жақсы Жауап
Белгісіз
Балдыз деп еркектерді батыста айтатын шығар. Әр жерде әр түрлі. Ол диалект сөз. Мысалы бізде еркектерге қайным дейді, қыздарға балдыз дейді. Ал жекжат деген меніңше құдалардың туысы шығар деп ойлаймын. Өйткені құда- жекжат деп айтып жатады ғой
Балдыз деп екеуіне де айта береді. Қайным деп тек қыз-келіншектер  айтады
118,439 сұрақ
305,386 жауап
153,303 пікір
67,823 қолданушы