+2 дауыс
201 қаралым
Стоматитті қалай кетіруге болады көмектесіп жіберіндерші врач фурацилинмен шәй аузынды деп еді 5-7 күнде кетеді деп 1 апта болдығой әлі кеткен жоқ тілдегі ақ дақтар.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ауыз ойылуды медицина тілінде стоматит деп атайды. Негізінен, жас балаларда жиі кездеседі. Ол әртүрлі инфекциялардың әсерінен пайда болады, соның ішінде ауыз қуысын дұрыс күтінбегендіктен және антибиотикті көп ішкендіктен де ауыз ойылады. Кейбір адамдарға тәтті тағамдар жақпағандықтан да үнемі аузы ойылып жүретіндер бар. Стоматит пайда болса ауызды 3 пайыздық сутегі ерітіндісінің (перекись водорада) бір шай қасығын 0,5 стакан суға құйып ауызды шаю керек немесе 1 таблетка фурацилинді 1 стакан суға араластырып шаю керек. Стоматиттен арылған соң міндетті түрде тіс щеткасын ауыстырыңыз, өйткені бұрынғы инфекциялар қайтадан бас көтереді. Ал мазь-дәрілерден КАМИСТАД-ГЕЛЬ жақсы көмектеседі.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...