Өзімді жек көрем

+1 дауыс
836 қаралым
Сәлеметсіздер ме. Мен өзімді жек көрем. Себебі өте көп.

Өмірден қатты шаршадым. Сонымен қатар өзім ұнатпайтын мамандыққа оқуға түстім, ең қиыны күн өткен сайын сол мамандықты жек көріп жатырмын. Университетте групамдағы ешкіммен араласа алмадым, бәрі менімен сөйлескілері келмейді, сөйлесемде. Мектепте де солай еді. Ешқашан өзімді бақытты сезініе алмадым. Әрдайым өзімді іздеумен өтудемін.

Мектеп кезде мен үшін өте жаман болды, бірінші сыныптан үшінші сыныпта бәрі жақсы секілді еді тек төртінші сыныптан сыныбымдағы қыздар мені бөлді. Сол кезден бастап мен өзіме қалай оларға ұнасам болады, қалай ашық болсам болады, не істесем олар мені қабылдайды деп көп сұрақ қоятынмын.Солай жүріп мектептіде бітірдім, бірақ ол жақта өзімді мүлде бақытты сезінбедім. Соңғы қоштасу кезінде өзге қыздар жылап жатқанда мен ғана жыламадым, ол кезде іштей қуанған едім ееді бұл жердің табалдырығын аттамаймын, арманым орындалып жаңа өмірім басталады деп...

Алайда менің арманым сол күйі орындалмады. Сүйікті мамандығыма оқуға түсірмеді. Астанаға түскім келген еді, бәрін алдын ала ойлап дайындалып жүргенімде, кететін күн жақындағанда анам бармайсың, онда барып,жүруіңе ақша жоқ деді. Мен үндей алмадым тек көзімнен ыстық жас ақты. Мен шынымды айтсам үйдегі ең сыпайысымын. Үнемі ата-анамның қаражатын ойлайтынмын.

Анамнан мектеп кезінде өзім ақша сұрамайтынмын, өзі берсе ғана алатынмын. Себебі орташа хәлде едік, әрі көп балалымыз. Солай үнемі сыныптағы әр түрлі отырыс пен туған күндерге бара алмайтынмын. Бірақ менің ренжігенім ата-анамның менімен ашық сөйлескісі келмеуі. Олар менің ойымды тыңдамады да,анам мені бір универге ұрысып апарып тапсыртқызды, қуанышқа дейін ба грантқа түстім. Алайда түк қуана алмадым. Үнемі үндемей анамның айтқанына көнуім түбіме жететін секілді. Мен айтқанымдай үйдегі ең момынымын, үнемі үнемі осылай. Өзімді сол үшін де жек көрем. Не өз ортам да жоқ, жалғызбын. Енді не істерімді білмим.

Бүгінігі ішімді қатты ашытқаны ата-анамның менің кішкентай көзін ашпаған марғау кезінен асырап өсірген мысығымды маған айтпай апарып тастауы. Оларға менің ойым мүлде маңызды емес.. өзімді осы момын, көншіш қасиетім үшін өте қатты жек көрем
• Санаты: Психологиялық кеңес
өңдеді | 836 қаралым

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Саламатсыз ба?!

Ішіңіз толып қалған секілді ғой. Мұндайда қандай да болмасын кеңес айтуға қысыламыз. Себебі адамға мұндай сәтте не көмектесетінін айту қиын.

Психологқа қаралып көрмедіңіз ба? Меніңше сізге қазіргі жағдайда тек психолог қана көмектесе алады.

Себебі сіздің жағдайыңыз ата-ана мен баланың арасындағы жағдай секілді. Менің ойымша солай. Нақтылап ойымды білгіңіз келсе пікірге өз ойыңызды жазыңыз. Талқылап көрейік.

Жақсы жауап таңдалды
0 дауыс
Сәлеметсіз бе! Кім сізді жек көрсе де сіз оған қарсы болып, өзіңізді жақсы көруші болыңыз. Өйткені, бұл өмірге бір рет қана келесіз ғой. Осы өмір, тағы қайталанбайды. Егер сіз өз- өзіңізді бағаласаңыз, онда бәрі сізді бағалайды. Жақсы күндер келуде, алыста емес. Бұған сенемін!
0 дауыс
Жазғаныңыздан жүрекке өте ауыр нәрсе сезіліп тұр. Сіздің айтқандарыңыз — жай ғана шағым емес, ішкі ауырлықтың, жиналған реніштің, жалғыздықтың шынайы көрінісі. Мұндайды сезіну – өте ауыр, ал оны сыртқа шығара білу – батылдықтың белгісі.

Сіз өзіңізді “момын”, “көнгіш” болғаным үшін жек көремін деп жазыпсыз. Шын мәнінде бұл қасиеттер – жамандық емес. Бұл – сіздің жүрегіңіздің жұмсақтығы, мейіріміңіз, басқаны ренжітпеуге тырысуыңыз. Өкінішке орай, кейде қоғам немесе жақын адамдар ондай қасиетті бағалай бермейді, бірақ бұл сіздің кінәңіз емес.

Сіздің жағдайыңызда 3 үлкен нәрсе байқалып тұр:

Қалауыңыз бен өміріңіздің сәйкес келмеуі. Сіз сүйген мамандыққа түсе алмадыңыз, арманыңыздың жүзеге аспауы ауыр соққы болды. Бұл – табиғи. Арман орындалмаған кезде адам өзін кінәлі сезінеді, бірақ бұл жағдайдың көбі сізден тәуелсіз болған.

Жалғыздық сезімі. Мектептен бастап өз ортамды таба алмадым дейсіз. Бұл – сіздің құндылығыңыздың төмен екенін білдірмейді. Кейде орта адамға сәйкес келмейді, кейде бізді түсінетін адамдар кейін кездеседі.

Ата-анамен қарым-қатынастың ауырлығы. Сіз кішкентай кезіңізден-ақ отбасының жағдайын ойлағансыз, үнемдегенсіз, өзіңізді шетке қойғансыз. Бұл – сіздің адамгершілігіңізді көрсетеді. Бірақ оның кері жағы – ішіңізде жиналған реніш.

Мысық оқиғасы да – сіздің ішкі ренішіңізді күшейткен триггер. Себебі сіз үшін ол – жай жануар емес, кішкентай кезіңізден бері сізге сүйеніш болған тіршілік иесі, сіздің мейіріміңізді қабылдаған жалғыз досыңыз.

Мына нәрселерді іштей түсініп алғаныңыз жақсы болады:

Сіздің момындығыңыз – мін емес, ол – сіздің табиғи мейірімділігіңіз. Сіз оны қорғаныссыз қалдырғансыз, сондықтан адамдар пайдаланады. Бірақ оны “жоюдың” орнына шектеу қоюды үйренуге болады.

Сіз қазіргі мамандықта болсаңыз да, өз бағытыңызды өзгертуге кеш емес. Қазірдің өзінде қосымша үйренуге болатын курстар, онлайн мамандықтар бар. Баяу болса да, сүйген салаға бағыт бұруға болады.

Сіз жалғыз емессіз. Сіздің жағдайыңызда жүргендер өте көп, тек көпшілігі оны айта бермейді.

Сіз өзіңізді “жек көремін” деген сайын ішкі балаңыз (ішіңіздегі нәзік жан) одан сайын жараланады. Бұл сезімдер уақытша, олар өтеді.

Кішкентай қадамдардан бастауға болады:

Өзіңізді жақсы көретін ұсақ нәрселерді істеңіз (кітап оқу, серуендеу, сурет салу, жазу).

Шекара қоюды үйреніңіз: бірден емес, кішкентайдан “мен олай істегім келмейді” деп айтуға машықтаныңыз.

Университеттен тыс өзіңізге қызық орта іздеңіз (курстар, онлайн клубтар). Бұл сізге жаңа адамдар табуға мүмкіндік береді.

Ішіңіздегі ауыр ойды жазып отыру – өзіңізге жеңілдік береді.

Сіз өмірден шаршадым деп жаздыңыз – бұл өте қауіпті сигнал. Егер бір күні шынымен өзіңізге зиян келтіру туралы ой туындай бастаса, міндетті түрде сенетін бір адамға немесе психологқа, тіпті сенім телефонына хабарласқаныңыз жөн. Бұл – әлсіздік емес, керісінше, өзіңізді қорғаудың бір жолы.

Мен сіздің жазғаныңызды оқып, шын жаным ауырды. Сізде үлкен жүрек бар. Сізге өмірде мейірімді, сізді түсінетін адамдар жолығады, тек сіздің өзіңізге деген қатынасыңыздан басталады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
7.09.2025 • Санаты: Суицид Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
12.01.2021 • Санаты: Жанұя Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
18.08.2020 • Санаты: Жанұя Аноним сұрақ қойды
+4 дауыс
5 жауап
5.06.2015 • Санаты: Тұлға, Адам Gimsen_Mekpal сұрақ қойды
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы