Сәлеметсіздер ме .
Мен өзімді қатты жек көрем . Себептері айта берсем өте көп . Өмірденде қатты шаршадым жас болсам да. Ең сорақысы өзім ұнатпайтын мамандыққа оқуға түстім , ең қиыны күн өткен сайын сол мамандықты жек көріп жатырмын . Университетте жолым болмады ,групамдағы ешкіммен араласа алмадым .Бәрі менімен сөйлескілері келмейді ,ашып бірдеңе айтып , не қастарына отыруға тырысып , әңгімеге қанша келтірсем де тұк шықпады .Бәлкім бірінші күннен көздеріне қызықсыз ,үнсіз жан болып қалып кеткен соң ау. Менің ортаға сіңісуімде өте қиын . Өзім бірден әңгіме бастап кете алмаймын , не деп сөйлеу керегін де білмеймін .Мектепте де солай еді . Ешқашан өзімді бақытты сезініе алмадым . Әрдайым өзімді іздеумен өтудемін . Мектеп кезде мен үшін өте жаман болды , бірінші сыныптан үшінші сыныпта бәрі жақсы секілді еді тек төртінші сыныптан сыныбымдағы қыздар мені бөлді . Сол кезден бастап мен өзіме қалай оларға ұнасам болады , қалай ашық болсам болады , не істесем олар мені қабылдайды деп көп сұрақ қоятынмын .Онда өткен буллинг пен мені жоқ деп санаулары , жандарында тұрсам да мені жамандауы маған өте ауыр соққы еді.Үнемі жалғыз болдым, үйден шықпайтынмын ата-анам жібермейтін . Бір өзім өзіммен өзім үйден кез келген уақытта шығып кете алмаймын. Үйдің тірлігімен күнім өтуде , алайда оны істесемде анам ұрыс тауып ұрыса береді .Сондықтан еш жаққа шықпайтындықтан , мен өз туып өскен қаламды толық білмим .Солай жүріп мектептіде бітірдім . Соңғы қоштасу кезінде өзге қыздар қатты жылап жатқанда мен ғана жыламадым , ол кезде тек іштей қуанған едім енді бұл жердің табалдырығын аттамаймын , арманым орындалып жаңа өмірім басталады деп ... Алайда қуынышым көпке созылмады ,менің арманым сол күйі орындалмады . Сүйікті мамандығыма оқуға түсірмеді . өзге қалаға түскім келген еді , бәрін алдын ала ойлап дайындалып жүргенімде , кететін күн жақындағанда анам бармайсың , онда барып ,жүруіңе ақша жоқ деді . Мен үндей алмадым тек көзімнен ыстық жас ақты . Мен шынымды айтсам үйдегі ең сыпайысымын . Үнемі ата-анамның қаражатын ойлайтынмын . Анамнан мектеп кезінде өзім ақша сұрамайтынмын , өзі берсе ғана алатынмын онда да керек емес дейтінмін . Себебі орташа хәлде едік , әрі көп балалымыз . Үйде де өзімді бақытты сезінбедім .Анам мені эгоист ,өзімшіл дейтін кішкентайымнан. Алайда ол кезде мен тек өз шекарамды қорғағым келген еді . Себебі үйде әпкем бакалымды ,киімімді рұқсатсыз киіп қоладанатын. Маған бұл ұнамайтын менің қынжылатыным әпкемнің ең болмаса менен рұқсат сұрамағаны . Әпкем маған қарағанда ашық , әрі ерке оны анам үлкен кезінде де еркелететін . Анам оны қанша қателігіне қарамастан оны кешіріп , қатты жақсы көреді . Ал менің өзін қалай жақсы көретінімді білмей , тек ауыр сөз айтатын. Үйде ешкім еркелетпейтін. Қызым деген сөзді де естімегенмін.Мені үнемі өзің кінәлі , арамсың дейтін.Осы сөздер өте ауыр тиетін.Бірақ үйдегілер сырын, ашуын, бір-біріне ренішін маған айтады . Себебі мен үндемей тыңдаймын.Ал мені ешкім тыңдамайтын .Әрі бәріне мейрімдімін .Бәлкім өзімнен де бар шығар .Анама мүлде жақпайтын болған соң оған мектептегі жайттарды өсе келе айтпадым .Солай үнемі сыныптағы әр түрлі отырыс пен туған күндерге бара алмайтынмын . Бірақ менің ренжігенім ата-анамның менімен ашық сөйлескісі келмеуі , мені тыңдамауы. Олар менің ойымды тыңдамады да ,анам мені бір универге ұрысып апарып тапсыртқызды , қуанышқа дейін ба грантқа түстім . Алайда түк қуана алмадым, іштей өзімді жедім өзгелер грантқа түскеніне қуанып жатса мен жылап ,қайғырдым . Үнемі үндемей анамның айтқанына көнуім түбіме жететін секілді . Мен айтқанымдай үйдегі ең момынымын , үнемі көніп үнемі осылай жүре беретін секілдімін. Өзімді сол үшін де жек көрем . Не өз ортам да жоқ , жалғызбын . Енді не істерімді білмим . Бүгінігі ішімді қатты ашытқаны ата-анамның менің кішкентай туылғанан кезінен асырап өсірген мысығымды маған айтпай апарып тастауы. Оларға менің ойым мүлде маңызды емес .. өзімді осы момын , көнгіш қасиетім үшін өте қатты жек көрем