6 айдан соң кезекті демалысқа шығуыма болама?

0 дауыс
150 қаралым
Мен аудандық ауруханада дәргер болып жұмыс істеймін. Сенбі күні көрші аудандағы ауруханаға барып жарты ставкамен науқастарды қабылдап жүрмін. 6 айдан соң кезекті демалысқа шығуыма болама? болса заңның қай жерінде нақты көрсетілгенін айтып бересізбе? рахмет
• Санаты: Мамандық

1 жауап

0 дауыс

Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (ҚР ЕК 92б. 1т.).

Бұл жағдайда жұмыскер демалысқа кетеді, бірақ оның лауазымы, сондай-ақ орташа жалақысы сақталады. 2025 жылы Қазақстанда еңбек демалысы қанша күнге созылады? Әдетте ол 24 күнтізбелік күнге созылады. Ең төменгі демалыс үш жұмыс аптасынан кем болмауы керек, яғни демалыс күндерінің саны кемінде – 21 болуы керек.
Негізгі және қосымша еңбек демалысы деп бөлінеді.

Оны жұмыс жылы бойынша есептейді, яғни нақты есепті кезең, жыл – жұмыскер жұмысқа шыққан сәттен, атап айтқанда бірінші жұмыс күнінен басталады. Мысалы, маман компанияға 2024 жылдың 20 желтоқсанында келді делік, яғни оның жұмыс жылы 2025 жылдың 19 желтоқсанына дейін «жалғасады». Дәл осы уақыт аралығында оған демалу керек.

Бұл жағдайда ҚР Еңбек кодексін ескере отырып, демалыс күндерін қалай есептеуге болады? Дым қиындығы жоқ: жұмыс істеген әр ай үшін екі күн демалыс беріледі. Барлығы: 24 күнтізбелік күн
(мереке күндері есепке алынбайды). Бұл көрсеткіш жұмыс кестесі қандай болса да, барлық мамандар үшін бірдей. Әрине, демалыс кезеңі ұзағырақ болуы мүмкін. Бірақ бұл міндетті түрде заңнамамен реттеледі немесе ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс.

Егер жұмыскер демалыс күндерін алғысы келмесе ше? Қазақстан заңында қызметкердің қатарынан екі жыл демалыс алмауына болмайтыны нақты жазылған. Мұндай бұзушылық анықталса, ұйым айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ең төменгі сома – 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге), ең жоғары сома – 100 АЕК (393 200 теңге).

Жұмыскер жұмыстан шығуды жоспарлап жүрсе, оған ҚР-да демалысты қалай есептеу керек?Жалпы қалай төленеді? Мүлдем демалмаған немесе күндердің бір бөлігін ғана пайдаланған маман жұмыстан кеткісі келсе, онда оған демалыс берілмейді, бірақ өтемақы төленеді. Айтпақшы, Қазақстанда пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны онлайн есептеуге болады.

Ұқсас сұрақтар

127,828 сұрақ
322,460 жауап
153,161 пікір
73,001 қолданушы