Өкінішке орай ондай статистика жоқ. Статистика жүргізілген болса да қарапайым халыққа ондай ақпаратты таратпайды. Себебі еліміз құжат бойынша басқа саясат ұстанады көп ұлттық деген. Іс-жүзінді Солтүстік өңірлерді қазақтандыру саясаты жүріп жатыр. Қанша дегенмен бізде қос тіл мемлекеттік тіл статусында болғандықтан ашық статистика жоқ. Бірақ төменде ақпарат тастап кеттім. Сонда біраз ақпарат бар екен.
-----------------------
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі (2020 ж. – 90,5%, 2021 ж. – 91%, 2022 ж. – 92%). ҚР тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеудің қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі» нысаналы индикаторы орындалды. Жылдар бойынша көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі (2020 ж. – 74%, 2021 ж. – 75%, 2022 ж. – 76%). Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі 2020 ж. – 74, 08%, 2021 ж. - 81%, 2022 жылы - 83%-ті құрады, нысаналы индикатор артығымен орындалды.
Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі (2020 ж. – 26%, 2021 ж. – 27%, 2022 ж. – 28%). ҚР тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеудің қорытындысы бойынша «Үш тілді меңгерген халықтың үлесі» нысаналы индикаторы орындалды. Жылдар бойынша көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда титулды ұлт ретінде қазақтардың үлес салмағы жыл санап артып келеді. Бұл тілдік ортада мемлекеттік тілдің үстемдігі нығая беретінін дәлелдейді. 2021 жылы жүргізілген Ұлттық халық санағы қорытындысы бойынша қазақ ұлтының үлесі 70,4%-ке жетті. Осындай нақты демографиялық ахуал мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты жұмыстардың қарқынды жүргізілуін талап етеді.
Қазақстанда азаматтардың тілдік құзыреттілігі әртүрлі қалыптасып отыр. Атап айтқанда, қазақтілділер, қазақ-орыстілділер, орыстілділер, этникалық-қазақша, этникалық-орысша тілділер немесе этникалық-орысша-қазақша үш тілді білетіндер және қазақ-орыс-ағылшын үш тілді меңгергендер.
Қазіргі тілдік ахуал мынадай әлеуметтік жағдаяттармен сипатталады:
- біріншіден, қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны артып келеді. Ресми мәліметтер бойынша түркітілдес халықтардың ішінде өзбектердің 72%-і, ұйғырлардың 71,7%-і, қырғыздардың 58,5%-і қазақ тілін сөйлеу тілі деңгейінде, ал 12%-і қазақша оқып, жаза алатын жоғары деңгейде меңгергені анықталды. Славян диаспорасы ішінде орыстардың 25,1%-і, украиндардың 23,7%-і, белорустардың 22,8%-і, поляктардың 22,1%-і, сондай-ақ, неміс диаспорасының 25,2%-і ауызекі қазақ тілін түсінеді. Аталған диаспоралар ішінде қазақша оқып, жаза білетіндер үлесі – 2,9%-ті құрайды. Көрсетілген сандық өзгерістер мемлекеттік тіл қолданысының сапасын әлі де болса жақсартуды талап етеді.
- екіншіден, мемлекеттік тілдің демографиялық базасының күшеюі қоғамдық санадағы сапалық өзгерістерді тудырды. Қазақтілді азаматтар мемлекеттік тілдің барлық салада жетекші рөлде болуын жиі талап етеді. Этносаралық коммуникация мен ресми қарым-қатынас саласында да мемлекеттік тілдің қолданыс аясы артып келеді.
Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша 5 жастағы және одан жоғары жастағы халық (13 768 406 адам (80%-і) мемлекеттік тілді меңгерген, ал оның ішінде күнделікті өмірде қолданатындары 8 472 661 (49,3%-і) адам санын құрайды. Бұл көрсеткіш халықтың басым бөлігінің қазақ тілін ауызша түсінетінін, еркін оқитынын, еркін жазатынын көрсетті.
Толық ақпатмен мұнда таныса аласыз.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14488704