0 дауыс
246 көрілді
Өзегімді өкініш өртеп жүр. Әйеліммен бір аулданбыз. Арамыз 7 жас. Ол қыз ауылдың ең көрікті қызы болатын. 2009 жылы мен ауылда мектепте мұғалім болып жүргенде ол жас қыз мектепке практикаға келеді. Кішкентай қыз кезінде көрген ол қызды бойжеткен соң көргенде қатты ұнатып қалдым. Содан сол қызға бара бастадым. Ол қыз басында қашқақтап жүрді. Ауылда кешкісін кездесіп жүрдік. бірақ ауыл жігіттерінен ол қыз бүлінген, ауылымыздың бір жігітімен жатып қойған деген өсек тарп жүрді. Мен ол қызға 3 ай сезімімді білдіріп жүрдім. Содан кейін ол қалаға оқуын аяқтауға кетті. Артынан күз айында мен іздеп бардым. Бір күні ол өзінің бұзылған қыз екенін, жігітпен жатып қойғанын айтты. Мен сол күні ол қызға тиісіп қойдым. Әрине өзім де пәк емеспін жас кезімде менде бардым бұзылған қыздарға қызық көріп, бірақ ешқай қыздың ала жібін аттаған емеспін. Менде көрікті жігітпін артымнан ауылдағы қыздар ғашық болып сезімін білдіргендер де болды. Хаттар жазатын маған. Бірақ өзім сезім болмағанннан кейін ешқайсысына арам ойымды білдіріп барған емеспін. Кейде баратынмын жай сөйлесіп көремін сезімім оянбаса түсіндіріп айтып кететінмін. сол маған ғашық болған қыздар кейін аулымыздағы басқа жігіттерге тұрмысқа шығып жатты, кейбіреулері сырт жаққа дегендей. Бірақ мен ұнатқан қыз пәк болмай шықты. Басым қатты кетті кәдімгідей ғашық болдым. Екеуіміз 1 жыл жүрдік ештенеге қараған жоқпын. Кейбір жігіттер келіп маған айтып жүрді ол қыздың қыз емес жігітпен жатқандығын. Бір жаманы сол қызды бүлдірген жігіт ауылың жігіт іболған өте ауыр екен. Бір күні ол жігітті ауылда кездестіріп қалдым ол вахтамен жұымс жасайтын, күндізгі уақыт болған сон жөндеп сөйлесе алмадық бірақ ол қашқақтап сөйлесуден бас тартып жүрді. Өзегімді ыза кернеп жүрді. Далаға сыртқа алып шықсам өлтіріп аламын ба деп қорықтым. Тағы бір ой қыз өзі келесіп жатқаннан кейін не істей аламын деп ойлап жүрдім. Сонымен қош қызым аяғы ауыр болып қалды, оны маған айтты. Көп ойланып толғанып әйелдікке алдым. Ол қзы маған екі егіз ұл туып берді, бәрі ұмытылғандай болды бақытты өмір кешіп жаттық. Одан кейін тағы 1 ұл туды жене тағы 2 қыз туып берді. Бас аяғы 5 балам болды. Биыл отау құрғанымызға 13 жыл толды. Бірақ кейінгі кезде қызғаныш маза бермей жүр. Бәрібір болмайды екен. Онаша қалғанда есіме түсе береді оның басқа жігітпен болғандығы. Әйелім маған адал оған 100 пайыз сенімдімін. Мені сыйлайды. Бірақ оның жіберген қателігін кешіре алмай жүрмін. Әйелім өзі айтып берген жүріп жүргенде шет жағасын кім ол, қалай болғанын , ғашық болып қалғандығын. Ол жігітте меннен бір жыл бұрын ауылдағы қызына үйленді. Ол сол кезде ауылда қызымен жүріп жүрген, бірақ басқа қыздарғада барып жүрген. Менім әйел қылып алған қызыммен жүргенде қызыммен айырылысып кеттім сені ұнатып қалдым деп айтып жүріпті. Енді мен қазір ауылдан кетіп қалғаныма 1 жыл уақыт өтті. Бірақ не істерімді білмеймін ой маза бермейді. Кейде сол жігітті өлтіріп тастағым келеді. Солай ғана жаным тынышталатын сияқты. Өкініштісі, өзің өмірде жамандық жасамауға тырысып, біреудің ала жібін аттамауға тырысып жүргенде осындай бақытсыз күн кешкенім қынжылтады. Не істерімді білмеймін, қатты қиналып кеттім.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
9 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 17.11.2022 Достық сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 9.09.2020 Жанұя сұрақ қойды
...