+8 дауыс
703 көрілді
Мысалы, Серік, сіз сияқты сайтқа тіркеліп, сайттағы сұрақтарға жауап беріп,пікір қалдырып араласып жүр...,осы сайттағы атақ-дәрежесін жоғарылату үшін тағы да,басқа  адамның атынан тіркеліп жақсы балдарды өзіне қоса алады екен,ал енді сұрақ : -"Осындай қулықтарға ешқандай амалдар жоқ па екен?".

10 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызық екен, олай істеуге де болады екен ғой, ондай қулықтарға еш амал жоқ сияқты, оны  IP мекен арқылы білу мүмкін емес-ау деймін, сосын олар жинаған балдарын не істейді екен. Қолданушылардың ар-ұятына сенім артып жүре береміз дағы!!!!!!!
+12 дауыс
қолданушылар  бал жинау үшін кіреді деп ойламаймын . бірең сараң болса болар , бірақ бұл сайтқа тек сұраққа жауап беру үшін және сұрақ қою үшін қолданушылар кіреді деп ойлаймын .
+9 дауыс
*ҚойИ, ондай да бола ма не ?! __ кеттім аккаунт создавать - етуге..*.------> Дейтіндер бұл сайттан бір қажет деген білім мен сұрағына жауап ала алмайды ! ! !
Әрине,бәрі емес,бұл тек менің ойым,кім білсін, қазір сайтта жоғары дәрежелі адамдар көөөп ))) :D
+11 дауыс
Олай болса көзге шыққан сүйелдей көрініп тұрар еді ғой. Мысалы, бірімен сұрақ қойып, екіншісі жауап беріп жақсы деген жауапты беріп жатса...
Балл жинағыңыз келсе, ол оңай: әр сұраққа жауап берген сайын міндетті түрде әр жауап пен сұраққа + қоя біліңіз, ол да, сіз де балл жинай аласыз. Бастысы сұраққа да жауапқа ба балл беріңіз, қазір барі осыны ылғи ұмытады, ал мен кірген сайын ақыры кірген екем деп міндетті түрде бәріне + қоямын (мәәәз боп қалсын деп)
+4 дауыс
Ия ондайды тексеруге сайттың күші жетпейді!!!
+5 дауыс
Нұртуған,бұндай келеңсіздіктерді аңғарғаның сайттқа жанашырлық танытқаның болар,рахмет! Ондай жағдайлар бірең-саран болса да кездесіп жатады.Ондайда сұрақты жауып астына ескерту жасап жатамыз. Нәтиже жоқ емес,азайып келеді.
+4 дауыс
Бұны сайттағы қулық, келеңсiздiк деп айтуға болмайды. Ең бастысы ешкiмге зияны тимесе, сұрағы да, жауап,пiкiрлерi де орынды болса сайтқа зияны емес пайдасы да тиюi мүмкiн. Бұны не үшiн қулық деп санауымыз керек. Майл.рудан да бiрнеше логин ашып алып жұмыстар жасайтындар да бар емес пе, бұл да сол сияқты ғой. Егер 2 рет тiркелiп, өзi бейберекет сұрақ қойып, оған өзi жауап берiп,өзi жақсы жауап қылып таңдап сайттың қадiрiн жоғалтса модераторлардың көзiне таңбадай айшықталып көрiнiп тұрар едi, сосын тиiсiнше ескертулер жасалып отырады.(сайтта осындай жағдай болды ғой жақында). Бiр алаяқ келiп осы әрекет арқылы бiреудiң ақшасын жымқырып, еңбегiн талқандап кететiндей үрейлендiңiздер ғой.)) Әлде 2 рет тiркелуге болмайды деген ереже бар ма? Ондайға шектеу қою үшiн жұмыстану терiс әрекет, пайдасыз iс, нәтижесiз еңбек деп ойлаймын. Бiрақ өз басым 2 рет тiркелiп, балл жинау мақсатында сондай әрекеттер жасау-мардымсыз тiрлiк, мағынасыз еңбек, уақытты зая жiберумен теңестiрер едiм.
+3 дауыс
Өйтпеңдер, ЖАМАН болады (rofl)
+2 дауыс
ондай амалда барма екен не ? ондай адамдар арамызда бар ма екен? Қанша қулық жасаса да аспаннан ҚҰДАЙ қарап тұр емеспе жамағат!
0 дауыс
Ондайларды модераторға айту керек.
...