+1 дауыс
752 көрілді

Билл Гейтс өмірінен 20 үзік жайт, қызық деректер жазсаңыздар?

Билл Гейтс,қызық деректер

2 жауап

+1 дауыс

Компьютер мен Билл Гейтс құдды егіз ұғымдай. Иә, дүниежүзі білетін Microsoft компаниясының негізін қалап, бізді "терезелерге" қаратып отырған осы кісі емес пе? Заманауи компьютерлік технологиялардың дамығаны осы кісінің қажырлы еңбегінің арқасы емес пе? Гейтстің оқушыларға берген кеңестерін жазып өткен едік. Ал бүгін Гейтстің өзі туралы қызықты мәлеметтер шертеміз...

1. Гейтс жайлы жазылған кітаптың санында шек жоқ. Amazon.com сайтына Gates деп енгізсеңіз, оған байлынысты 137 мыңнан астам нәтиже тауып бере алады.

2. 13 жасқа енді толған Гейтс достарымен бірігіп, мектеп компьютерінің мәліметтеріне қол сұққан. Гейтсті жазалаудың орнына Сиетлдің компьютерлік орталығы балақайды жұмысқа алып, өз бағдарламаларын тексеруге тапсырма беріп отыратын.

3. Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған вундеркиндтің ата-анасы Биллды электронды машинаға бір жыл бойы жолатпаған. Бір жыл бойы атақты бағдарламашы ұлы адамдардың өмірбаяндарымен танысқан. Тарихи тұлғалардың ойлау қабілеті мен логикасы Биллге қатты ұнайтын.

4. Билл Гейтс ресми түрде Гарвард оқу орнын тастағандардың ішіндегі ең бақытты адам болып танылды, дегенмен, араға бірнеше жыл салғаннан кейін, Билл сонда да Гарвардты бітіріп, салтанатты түрде дипломын алды.

5. Қазіргі компаниясының атауын Гейтс алғашқыда "Micro Soft" деп жазған.

6. Оның арғы атасы заң шығарушы органда жұмыс істеп, қала мэрі болған, атасы - мемлекеттік банк президенті қызметін атқарған, ал әкесі адвокат болған.

7. 1968 жылы Лэксайд колледжінде алғашқы компьютерлер пайда болғанда, Гейтс күні-түні сол маңайдан кетпейтін. Оның оқу үлгерімі күрт нашарлап кеткені де сол себептен шығар.

8. Гарвардтағы оқу Гейтсті тез шаршатқандықтан, ол бос уақытында покер не бағдарламалар жазумен айналысқан.

9. Гейтс өзінің профессорларына 30-ға толмай миллионер болам деп айтқан екен.

10. 31-ге толған Гейтс - миллиардер!

11. Жыл сайын Гейтс жеке меншіктегі тұрғын үйлер мен көліктеріне салық ретінде бір миллион доллар көлемінде қаражат төлейді.

12. Өзінің алғашқы бағдарламасын Билл Гейтс мектеп қабырғасында оқып жүргенде жазып, қолданысқа енгізді.

Мына сілтемеден байқап көріңіз http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1564/

0 дауыс
  1. Гейтс жайлы жазылған кітап өте көп. Мысалы, Аmazon.com сайтынан Gates түйінді сөзі бойынша 137 632 кітаптың тізімі алынады екен. Ал біздің қазақ сайттарынан да қазір мол мағлұмат ала аласыз.
  2. Билл Гейтс 13 жасында достарымен бірге мектеп компьюте-рінің бағдарламасын бұзып, одан құпия ақпарат алған. Осыдан кейін Сиэтлдің компьютер орталығы жас хакерді жазалау орнына, оны өз бағдарламаларын тексеру жұмысына жалдайды.
  3. Ата-анасы Билл Гейтстің компьютермен көп айналысуынан қорқып, оған бұл «тозақ машинасына» жақындауға тыйым салады. Сол кезде Билл жыл бойы Напалеоннан бастап Рузвельтке дейінгі ұлы адамдардыңөмірдеректерін оқумен болады. Оны тарихи тұлғалардың ойлау жүйесі қатты қызықтырыпты.
  4. Билл Гейтс Гарвард университетін тастап кеткендер ішінен ресми түрде ең жолы болғыш адам деп танылыпты. Айтпақшы, Билл Гейтске 2007 жылғы 7 маусымда Гарвард университеті әкімшілігінің шешімімен университетті бітіргені жайлы диплом табыс етілді.
  5. Олардың алғаш құрған компаниясы Traf-O-Data деп аталды.
  6. Ол бастапқыда қазіргі өз компаниясын Micro-Soft түрінде жазды.
  7. Оның бабасы заң шығарушы және мэр болған, ал атасы – штаттағы Мемлекеттік банктің вице-президенті, әкесі – абыройлы қорғаушы болыпты.
  8. 1968 жылы беделді Лэйксайд колледжіне алғашқы компью-терлерді орнатқан күннен бастап Гейтс компьютерлерден күні-түні бірдей шықпай қояды, сөйтіп оның үлгерімі күрт төмендейді.
  9. Гейтс, Пол Аллен және олардың таныстары Лэйксайдта рұхсат етілмеген бағдарламалар жазып жүреді және бірде компьютерді істен шығарады.
  10. Билл бала кезінде әткеншекте тербелуді өте ұнатыпты.
  11. Қазір бір нәрсені қатты ойлауға тура келген кезде ол өз-өзінен теңселе бастайды.
  12. Гарвардта оқыған кезінде сабақтар оны тез жалықтыратын, сол кезде ол бірден бағдарламалаумен не болмаса покер ойнаумен айналысатын.
  13. Гейтс университет профессорларына өзінің 30-ға толмай-ақ миллионер болатындығын мәлімдеген болатын.
  14. Гейтс 31 жасында миллиардер атанды.
  15. Осы профессорлардың бірі ол туралы: «Билл тамаша бағдарламалаушы, бірақ мейлінше жаман тұлға болды»,-деген екен.
  16. Гарвардтағы берекесіз тірлік оны 1974 жылдың жазында аурухана төсегіне таңады, содан ол оқуды тастап кетеді.
  17. Ол өзінің алғашқы бағдарламасын мектепте жүріп жазады, бұл оның оқу сағаттарын тиімді жоспарлауына көмектеседі.
  18. Гейтс 1994 жылы алдынала осы мақсат үшін жалданып қойылған Гавай аралдарының бірінде Мелинде Френчке үйленеді.
  19. Әлемдік ғаламтор енді шыға бастаған кезде Билл Гейтс: «Интернеттің болашағы жоқ»,-деп мәлімдепті. Тегінде, бұл оның ең үлкен қателесуі болды. Кейін бірнеше жылдан соң ол майданның осы бағытына өзінің ең үздік бағдарламалау-шыларын жұмылдырады.
  20. Билл Гейтс «Болашаққа жол» кітабын жазды. Бұл кітабында ол ақпараттық технологияның  дамуына орай қоғамның қалай қарай жылжитындығы жайлы өз көзқарасын баяндады. Осы кітап шыққаннан бастап 7 апта бойы әлемдік басты бестселлерлер тізімінің бірінші қатарынан түспей қойды.
  21. Гейтс жыл сайын мүлік салығы үшін шамамен $1 млн-дай салық төлейді.
...