Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км2, тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімш. жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімш. ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км2-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.
Батыс Қазақстан облысының аудандары
Ақжайық ауданы
Бөкейорда ауданы
Бөрлі ауданы
Жаңақала ауданы
Жәнібек ауданы
Зеленов ауданы
Казталов ауданы
Қаратөбе ауданы
Сырым ауданы
Тасқала ауданы
Теректі ауданы
Шыңғырлау ауданы