Қала | 7.4k қаралды
7.4k қаралды
Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

Үлкен өзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ.

2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары.

4 жауап

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км2, тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімш. жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімш. ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км2-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.

Батыс Қазақстан облысының аудандары

    Ақжайық ауданы
    Бөкейорда ауданы
    Бөрлі ауданы
    Жаңақала ауданы
    Жәнібек ауданы
    Зеленов ауданы
    Казталов ауданы
    Қаратөбе ауданы
    Сырым ауданы
    Тасқала ауданы
    Теректі ауданы
    Шыңғырлау ауданы
Жақсы Жауап
Ілбісін деген елді мекен барма екен батыс қазақстан бойынша
Салематсыз ба,Батыс Қазақстан обылысында 15 аудан бар сіз ана аудандарды уикипедиядан көшіріп алғансыз.
Иə Ілбішін деген ауыл бар
мен Бөкей Ордалықпын )
Бөкей ордасы Сайқын аулдық Мәмбет ауылында Майлық Байсары руларынан адамдар болса 87011607807 телефонына хабарласыншы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылы тумасы
Батыс Қазақстанның 15 қаласы 6 кенті қан

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің атауы ХIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір ханның есімімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде тарихи-музейлік кешен 100 киелі нысан тізіміне еніп отыр. Ендеше Батыс Қазақстан облысында орналасқан музей жайлы не білеміз? Бұл ордаға қалай баруға болады? Толығырақ тарқатып көрелік.

Қай жерде орналасқан?

Бөкей Ордасы тарихи-музей Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Музей орын тепкен хан ордасы ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 600 шақырымдай қашықтықта жатыр.

Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені қашан құрылған?

Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Тарихи музейлік кешені ХІХ ғасырда салынған. 1828 жылы салынған Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған Казначейчество, 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік мектебі, 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық ғимараттарынан және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан құралған.

1962 жылы Орда тарихи-революциялық музейі қоғамдық негізде құрылған. 1967 жылы мемлекеттік Орда тарихи-революциялық музейі аталған. Музейді ұйымдастырған алғашқы директоры А.Ю.Тажетдинов. 1997 жылы Бөкей ордасы тарихи музейі болып өзгерді. Музей үш бөлімнен тұрады: І «Қазына» үйінде Бөкей ордасы тарихы, ІІ «Хан сарайы», ІІІ «Тәуелсіздікке арналған». Экспозиция залдарының саны – 12. 2001 жылдан бастап – Бөкей ордасы тарихи кешені деп аталып, экспозициясы 2001 жылы 30 қазанда жаңадан жасақталды.

Казначейство ғимаратында негізінен Бөкей ордасының 200 жылдық тарихи бейнеленсе, Хан мешіті ғимараты Тәуелсіздік тарихына, Хан Сарайы ғимараты Хан Жәңгірдің жеке өмірі мен қызметіне және қару-жарақ палатасы тарихына арналған. Хан Сарайының сақталмай қалған негізгі бөлігі қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қайта қалпына келтірілуде. Қыздар мектебі ғимаратында болашақта «Бөкей ордасындағы халыққа білім беру» тақырыбындағы экспозиция жасақталу жоспарланған. 

Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.

118,430 сұрақ
305,379 жауап
153,303 пікір
67,813 қолданушы