0 дауыс
525 көрілді
Эссе құрылымын сақтау керек, эссе жазу керек. "Махамбеттің соңғы сөзі"  тақырыбында эссе жазып берсеңіздер.

1 жауап

0 дауыс
Үйіп-үйіріп құйындата соғатын жел құмды өңірді қабырғалата, айғыздап тастаған: аттың шашасынан келеді, кей-кейде құм көшіп тұрады, бел-белеңі, төбе-қырқасы жаңарып жатады. Бірде қатқылға тартатын қасқа жол біраздан соң құмдауытпен еміс-еміс көрінеді, бусанған із құмды жауып жатады. Құмды өңірде әр бұтаның бағытына ой-жобаң жетпесе, мәңгіріп қаласың. Қауіп-қатерден сүрінбей өтуің алғыр ақылыңа, көрегендігіңе байланысты. Өмірде де солай.

Бекетай құмы ішінде Махамбет аз-кем өткенді есіне алған пішінде. Ыза-кек қайнауы ішінде. Не бітіреді, құм далада күрсінгеннен? Пендесін ақылынан адастырмайтын еркіндіктің айдау жолы тіптен жоқ болғаны ма? Қараны айтпағанда хан неге адасады, өзінің жөнсізін білмегенсіп әдейі жөн деп неге таласады? Тұйықтан шығаратын дала даналарының ақылы қайда? Ілгеріні кейін тартатындай сұмдықты түсінбегені өкінішті, ал сабыр сақтауға миы жетпегені несі? «Бас көтергендерді су түбіне батырам, тәж-тағымның жарық таңын атырам, бәрі де жүзеге оңай асады, қорқақтары бас сауғалап қашады», деп ел-жұртының, туыс-туғанының қанды қырғынға баруына жол бергені неліктен? Көп жақсылығын бір жамандық жуып-шайып кететіндігін ескермеді ме? Ғасырдан асыл туса да, еркіндікке белін буса да көксегеніне қол жетпеді. Жер дауының қантөгіссіз болмайтынын хан білмеді, обырдың жұтпасына жұтылып кететінін алдын ала аңғармады дей алмайсың. Ақылға құлақ аспауында құпия зымияндық бар.
толығырақ:https://egemen.kz/article/165584-makhambettinh-sonhghy-sozi-esse
...