0 дауыс
4.6k көрілді
Махамбеттің "соғыс" өлеңіне талдау, қандай әдеби ерекшеліктер қолданған, оның басты ойын, идеясын ашу. 2 бетке жететін текст. ертеңге дейін бітіру керек

1 жауап

0 дауыс

«Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл - өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.

Ал біздің бұл жерде айтпағымыз - ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.

...