+1 дауыс
1.0k көрілді
Сурет салуға жақсымын, география пәнінен қандай оқулар бар, архитектура қыз балаға жарасама

3 жауап

+2 дауыс
Архитектор көбінесе қыздарға жарасат, соларға арналған жұмыс деп айтсамда болат!!!
+2 дауыс
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты)
 — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орнындағы:

«ҚОЛДАНБАЛЫ-СӘНДІК ӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН»
ФАКУЛЬТЕТІ

Төрт кафедрадан құралған «Қолданбалы-сәндік өнер және дизайн» факультетінде металл, ағаш, керамика және
тоқыма өнерінің суретшісі, интерьер және жиһаз дизайнері, дизайнер-график, киім дизайнері, театр, кино және
телевизия костюмінің суретшісі мамандықтары бойынша шәкірттер дайындайды.

“КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ МҮСІН” ФАКУЛЬТЕТІ

 «Кескіндеме және мүсін» факультетінің негізі 1978 жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің отызыншы
`` мамырдағы қаулысына сәйкес ашылған Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтында
«бейнелеу өнері» кафедрасы ретінде қаланған. Ол кафедраның алғашқы меңгерушісі болып СССР халық суретшісі,СССР көркемсурет академиясының мүше – корреспонденті, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанафия Телжанов тағайындалды. Құрамына сол кезде сабақ берген барлық мамандықтың өкілдері, атақты да көпке танымал болған суретшілер мен педагог-ғалымдар кірді. Сурет пен кескіндеме пәндерінен Е.Сергебаев, Б.Өмірбеков,Д.Сүлеев; металл және басқа заттарды көркем өңдеуден Ю.Белов; көркем текстильден Қ.Тыныбеков; интерьерден Қ.Оспанов, М.Жақыпалиев; графикалық дизайннан Қ.Әбдікәрімов; сызба геометриядан Г.Климук сабақ берді.
Алғашқы жылы аталған мамандықтарға 35 студент қабылданды да, келер жылы мамандықтар саны көбейіп,
алғашқы кәсіби суретшілер даярлайтын бейнелеу өнері  - факультеті деканы болып белгілі суретші – педагог
 Т. Кәріпжанов тағайындалды. Бастапқы бес – алты жыл оқу – тәрбие жұмысының бағыты Ленинградтағы В.Мухин атындағы Москвадағы жоғары өнеркәсіптік - көркемсурет училищелері сияқты  (Б.Строгонов атындағы) болды.
Монументальдік өнер мен тұғырлы кескіндеме мамандықтары кейіннен ашылып, 1993-94 жылдары суретші
мамандықтары екі факультетке топтастырылды.Сол факультеттің біреуі бүгін «Кескіндеме және мүсін» - деп аталады. Тұғырлы кескіндеме мүсін, монументальді өнер мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистрлер дайындалды. Көп жылдар бұл факультетті белгілі суретші – ұстаз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор К.И. Қыстаубаев басқарып келді.  Әр жылдарда факультетте оқу деңгейін жоғары көрсеткіштерге көтере білген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е.А. Сергебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  профессор Б.С.Досжанов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Б.К.Мырзахметов басшылық етті.

 2008 жылдың маусым айынан бері декандық қызметті тәжірибелі маман, суретші, доцент Б.Н.Байділда атқарады. Факультеттегі «сурет», «кескіндеме», «мүсін» кафедралары 50-ге жуық педагог – ұстаздардың басын біріктіріп отыр.

«Кескіндеме» кафедрасын талантты суретші Б.Тұрғынбаев басқарады. Бұл кафедра кескіндеме пәнін барлық мамандықтарға оқытады және бакалавр мен магистрлер дайындайды. Ғылыми – әдістемелік және шығармашылық дәрежесі жоғары суретші мамандар топтастырылған. Жеке шығармашылық шеберхананы СССР халық суретшісі, ҚР ҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Қ.Телжанов, белгілі суретшілер профессор Ж.Қайрамбаев және профессор Ә.Бапанов басқарады. Сондай - ақ кафедрада ҚР еңбек сіңірген қайраткер, профессор Б.Өмірбеков, Мәдениет қайраткері, доцент Қ.Оспанов, Р.Юсупов, Е. Жұманов, Ө.Рыстанұлы, Ө.Жұбаниязов сияқты т.б талантты суретшілер сабақ береді.
«Мүсін» кафедрасын ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Е.Сергебаев басқарады. Ұстаздық етуші ҚР халық суретшісі, прфессор Е.Мергенов көптеген байқаулардың лауреаты, доцент Б.Әбішев, М.Әйнеков, А.Астахов, М.Жүнісбаев т.б. шеберлер бар.
«Сурет» кафедрасының меңгерушісі талатты жастарымыздың бірі А.Қарымсақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері профессор Б.Досжанов, Қ.Шүкірбеков, Ж.К.Күшікбаев, М.Ө.Жұмағұлов т.б графиканың шебер мамандары сабақ береді.Факультеттің ғылыми – педагогикалық құрамы мен оқу - әдістемелік жұмысының нәтижесі материалдық – техникалық мүмкіндігі бүгінгі заманға қажет суретші мамандар даярлауға сай.

Бағыңызды сынап көріңіз. Сәттілік.
+2 дауыс
Архитектура географияда емес сияқты еді .Меніңше қыздарға менеджмент .жарасатын сияқты.:)
...