Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар Ғ.-т. р-ның басты ғыл.-тех. бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан. Алайда, Р.-т. р-ның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып шектелмейді. Ғ.-т. р. дегеніміз өндірістің бүкіл тех. базисін, бүкіл технол. тәсіл-дерін қайта құруды ғана білдіреді. Ғ.-т. р. адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің тех. құралдары мен тәжірибелері кешенінің (т е х н и к а ), материалдык игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) жөне практикалық іс-қимылдар мен әр қилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (б а с қ а р у ) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды. Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы Ғ.-т. р. енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға көтеріп, халықтар. ғыл.-тех. ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, Р.-т. р-ның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықгық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықаралық деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мыс., табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін камтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғыл.-тех. жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артыт келеді; қ. Жаһандану, Экология.
Әдеб.: Философский энциклопедический словарь, 2-изд., М., 1989. ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА (ағылш. зсіепсе йсііоп — ғыл. туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ, кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанрлық түр. Ғ. ф. өнердегі дербес жанр ретінде 20 ғ-да қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те төн. Фантастика (грек. рһапіааіа — қиялдау, рһапіазііісе — қиялдау өнері) үғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен енертану ғылымында фантастиканың "ертегілік" және "ғылыми" белгілерінің ара жігі ажыратылмаған. Әдебиетте Р. ф. — ғылыми п о э з и я жөне ғ ы л ы м и п р о з а болып, екі пішімде қалыптасты. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану сала-сында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль "Сөз туралы трактат" (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғыл. поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Рим ойшылы К.Лукрецийдің "Заттың табиғаты" поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы Ғ. ф. жалпы фантастикалык арнадан бөлекше, филос.-әлеуметтік бағыттағы мұмкіндігімен ерекшеленеді. Ғ. ф. прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арнаулы саласына айналды. Әлемдік әдебиеттегі Ғ. ф-ның ірі өкілдері: Ж.Верн, Г.Уэллс, О.Ча-пек, С.Лем, Р.Бредбери, А.Кларк, Р.Шекли, О.Хаксли, А.Р. Беляев, .
А.Азимов, К.Сайман, ағайынды А.Н. жөне Б.Н. Стру-гацкийлер. Қазіргі қазақ әдебиетіне Ғ. ф. дербес жанр ретінде А.Машанов, Т.Сұлтанбеков, М.Сөрсекеев, А.Мархабаев, Р.Баймаханов, Ш.Әлім-баев, т.б. шығармалары ар-қылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегі Р. ф. жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден ("Ер Төстік", "Үшқыш кілем", т.б.), аңыздардан ("Қорқыт Ата", "Баба түкті шашты Әзіз", т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда, К и н о д а Ғ. ф. жанры 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Алғашқы Ғ. ф-лық фильмдерге Верн мен Уэллс шығармаларының сюжеттері негіз болды. Кино саласындағы ірі Ғ. ф-лық шығармалар: "Аспан кораблі" (1918, реж. Ф.Хольгер-Мад-сен), "Аэлита" (1924, реж. Я.А. Протазанов), "Айдағы өйел" (1922, реж. Ф.Ланг), "Ғарышка сапар" (1936, реж. В.Н. Журавлев), "Қос мекенді адам" (1962, реж. Г.С. Казанский, В.А. Чеботарев), "Басқа планеталық" (1982, реж. С.Спилберг), "Жұлдызды соғыс" (1977, реж. Дж. Лукас), т.б. Ғ. ф-лық фильмдерге, көбінесе, ғарыштық саяхат әлемі, басқа планеталықтардың жерге келуі, т.б. оқиғалар арқау болған. "Кәсіпқойлардың әлемдік ұйымы" және "Еурокон" атты Ғ. ф-ның халықар. бірлестіктері құрылған. Бейнелеу өнеріндегі Ғ. ф. жанры, көбінесе, көркем шығармалардың сюжеттері негізінде қальштасқан.
ҒЫЛЫМ ЛОГИКАСЫ
Ғылыми танымның логикалық жақтарын зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғ. л. жалпы ғылымға, ғыл. танымға тән зандылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы нысаны ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-ширегінде позитившіл филос. ағым өкілдері (Фре-ге, Рассел мен Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 20 ғ-дың 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубис-лав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті — ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтын айтуынша, философтың қолынан келетіні — ғылым нөтижелерін талдау, оларға мағына беру және дүрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формалдық құрылымын, элементте-рінің байланысын зерттейді. Ғыл. танымды талдап зерттеуге формалды логиканың, дайын аппаратын (индуктивтік жөне дедуктивтік) қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Бірақ оның ғыл. танымды зерттеудегі рөлін тым асыра бағалап, ғылымның бірден-бір логикалық негізі деу үстірттік. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формалды логиканың түрғысынан шешілмейтін басқа да мәселелер ұшырасады. Олар — білімнің ақиқатқа қатысы, оның шығу тегі, шынайылығы, т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып саналатьш диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары — адам танымы мен практикасының қорытындысы, жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғыл. жетістіктерге жетуіне жол ашьш, реттейтін логикалық пішім — ғыл. ойдың принциптері. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ; білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде карастыра отырып, оның қалай пайда болатынын, даму заңдылыкгарын айқындап, ғыл.-зерттеу әдістерінің рөлі мен міндеттерін ашып көрсетеді. Яғни формалды логика дайын, қалыптасқан білімді оның түпнұсқалы негізінен айырьш алып қалса, диалект. логика, керісінше, танымның қайнар көзін, даму бағытын, оның түпнүсқасы мен негізін, табиғатын белгілі бір зандылықтар аясында зерттейді. Зерттеліп отыр-ған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқадай қырларын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де, дамыған түріндде бойына сіңіреді. Бірақ ғылым бір жақты, абстрактылы түсінікпен канағаттанып қалмайды. Ұғынудың біржақтылығынан, жартыкештігінен әрі өту үшін әлгі санның ішкі қайшылықтары қалыптаса дамуының басты басты кезеңдері, өмір сүру; пішімдері ғылымның жаңа нақтылы ұғымдарымен бейнеленуі кажет. Ойлаудың бұл диалект. даму жолы абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу әдісі деп аталады. Бұл әдіс өзінің логикалық қүрылымы жағынан өте күрделі Мұнда теория мен эмпирия тарих пен логика, индукцш мен дедукция, анализ бен синтез тоғысып жатады. Сонымен, Р. л. — өз аддына ғылым саласы немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі нысан жайындағы білімдердің жиынтығы.
Белгісіз
пікір