0 дауыс
469 көрілді
Ғылымның пайда болуы туралы көптеген пікірлер бар кейбір ғалымдар оны ерте заманнан пайда болды десе кейбір ғалымдар нағыз ғылым 18 ғасырда пайда болды дейді. Шындығына келсек ертедегі ғылым бұл заманауи ғылымның алдындағы протоғылымдық кезең еді. Ол кезде ғылыми әдістер , тәсілдер , эксперименттердің жүйесі жоқ еді. Заманауи ғылым 18 ғасырда пайда бола бастады. Осы кезде көптеген ғылыми төңкерістер орын ала бастады. Математиканың шарықтап дамуының негізгі кезеңі де осы сәтке тұспа-тұс келді. 18 Ғасырда Жоғарғы математика элементар математикадан бөлініп шыға бастады. Аналитикалық геометрия пайда болып ол өз кезегінде алгебра мен геометрияны байланыстырды. Математикадағы бұл салалардың пайда болуына Пьер Ферма , Рене Декарт үлкен үлес қосты. Соңғысы тіпті философия бойынша Бастаулар атты еңбегі жарыққа шықты. Декарт қайта өрлеуден кейін тұралап қалған философия саласын дамытты. 18 ғасырдан бастап Ғылым математификацияға ұшырады. Барлық ашылған жаңалықтар бұрындағы бар білімдерге сүйенуі керек және қатаң логикаға сүйенуі керек. Ғылыми техникалық прогрессте математиканың атқаратын рөлі өте үлкен болды. Математикадағы бұрында шешілмеген бір есеп шешілсе ғылым алға ілгеріледі. Мысалыға Даламбер жасап шығарған Қатарлар теориясы зеңбіректер оғының траекториясын есептеуде қолданылды. Даламбер Наполеон Бонапарттың қарамағында жұмыс жасаған әскери ғалым. Оның сол кездегі қатарлар арқылы жуықтап есептеуде жасалып кеткен алгоритмдері әлі күнге дейін қолданылады. Одан кейінгі Ньютон мен Лейбництің жасаған дифференциалдық және интегралдық есептеулері сол кездегі астрономия саласын дамытуға үлкен үлес қосты. Олардың жасаған теориясы аспан денелерінің қозғалысын анықтауға планеталар траекторисын дәл анықтап зерттеуге астероидтар мен метеоридтер қозғалысын анықтап беруге жол ашты. Сандар теориясы алғаш пайда болған кезде ешқандай практикалық мағынасы жоқ болған. Бірақ уақыт өте келе алғашқы компьютерлер пайда болғанда сандар теориясының пайдасы өте көп екені табылды. Карталарға пин код қою карталарға шот номерін қайталамай беруге байланысты есептер қарастырыла бастады. Қаншама жыл бойы математиктердің жұмысы практикалық мағынасын тапты. Компьютерлер пайда бола бастаған кезден бастап компьютерлік модельдеу және математикалық логика салалары пайда бола бастады. Бұл сала қазіргі таңдағы математикадағы жаңа әрі тез дамып жатқан сала болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы адамдар шығара алмаған есептерді компьютер көмегімен шешудеміз. Бұрындағы 100 деген ғалымның бір жылдық есептеулерін қазіргі компьютер 5 минутта шығарады.
Математикалық анализ саласының дамуы шектер теориясы , дифференциалдық  теңдеулердің пайда болуы математиканың дамуына ал ол өз кезегінде ғылымның дамуына алып келді. Қазіргі кездегі УДЗ , МРТ аппараттарының дұрыс жұмыс жасауы түзусызықты Радон есебінің дұрыс шешілуіне байланысты қазіргі таңда қисықсызықты Радон есебі әлі шешілмеген сондықтан УЗИ аппаратының берген нәтижелері ылғи дәл болып шыға бермейді.

Графтар теориясы да практикада аз қолданылған салалардың бірі болған ал қазіргі таңда гратар теориясының негізінде Google Yandex  секілді іздеу салатын сайттар осы жүйенің негізінде жұмыс жасайды. Сіз бір сөзді немесе сөз тіркесін іздегеніңізде сізге тура сөзді қайталайтын емес сізге дейін сол сөзді іздеп бір сайтқа тоқтаған болса сол сайт бірінші көрсетіледі.

Ықтималдықтар теориясы және Математикалық статистиканың  дамуына Леонард Эйлер өзінің үлкен үлесін қосты. Бұл салалар қазіргі таңда социологиядан өз қолданысын табуда. Ғылым салаларын үйдегі бөлмелер деп қарастырсақ онда математика сол бөлмелерді ашатын кілт секілді.

Математикада ашылған бір есептің жауабы көптеген салаларды он жылдықтарға алға сүйрейді. Кезіндегі Лабочевскийдің геометриясы Эйнштейнннің салыстырмалылық теориясының ашылуына әкелді. Қазіргі кездегі Суперсимметрия теориясы да математикаға тікелей қатысты. Қазіргі таңдағы математикадағы шешілмеген есептер болашақ ғылымның қайда баратынын анықтайды. Қазіргі таңдағы шешілмеген есептер криптографияға байланысты яғни ақпараттық қауіпсіздік. Егер біз кванттық компьютер жұмыс жасай алатыны алгоритмдерді жетілдірсек және кванттық компьютер ойлап тапсақ онда бүкіл қауіпсіздік жүйесіне қауіп төнбек. Өйткені кванттық компьютерлер қазіргі компьютерлерден кейбір есептерде яғни парольдердің дұрыс екенін тексеруде өте жылдам. Сондықтан кванттық компьютерде шеше алмайтын криптографиялық алгоритмдер табу математиканың мәселесі болып табылады. Және Навье-Стокс есебінің шешімі бұл есеп таза математикалық есеп болғанымен физикалық мағынасы бар. Бұл есеп сұйықтықтағы турбулентті ағыстардың өзара әрекеттесуін анықтайды. Бұл есеп шешілсе қазіргі аэродинамика мен ұшақ жасау өндірісіне үлкен өзгеріс әкеледі. Ұшақтарымыз қазіргіден де жылдам әрі экономды ұшатын болады. Қазіргі кездегі математика биология саласымен байланысын күшейтуде. Бұрында тек қана статистика саласы ғана қолданған биология қазіргі таңда математиканың дифференциалдық теңдеулерді де қолдануда Мысалыға адамның геномын зерттеу ондағы ауру гендерді анықтау қай генді алып тастағанда қалай өзгеретінін зерттеу. Бұның барлығы дифференциалдық теңдеулер болып табылады. Егер бұл технологияны меңгерсек онда адамзат өзіндегі барлық ауруларды туылмай тұрып жазатын еді. Ауру балалар туылмайтын еді.

Және қазіргі математиканың негізгі шешу жолдары зерттелмеген сала ол түйіндер теориясы болып табылады. Бұл теория да адам ДНҚкасын  зерттеуде қолданылады. адамның ДНҚсы шатасқан түйін секілді болады. Осыны қалай шешуге болатынын зерттейді.

Одан кейінгі Математиканың жаңа саласы бұл ойындар теориясы болып табылады. Бұл сала тиімді басқаруды зерттейтін сала болып табылады. Қала ішіндегі жолдар қалай орналасуы керек соны зерттейді. Бір жол жабылып қалса басқа жол соның міндетін атқаратындай болуы үшін ол қалай орналасуы керек. Байес теоремасы немесе кептеліс теориясы. Электр, су желілері қалай орналасуы керек бір желі істен шыққанда қала электр, сусыз қалмайтындай соны зерттейді.

Қорыта келе Математиканы бекерден бекер Ғылым патшайымы деп атамайды. Математика бұл ғылым сөйлейтін тіл. Егер ғылым математика тілінде сөйлемесе ол ғылым болып табылмайды.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...