0 дауыс
3.8k көрілді
Бірінші жартыжылдықтың ғылыми-техникалық жаңалықтары қандай ? Және ХХ ғасырда адамзаттың дамуы үшін ең маңызды не болды? Жауабы жазыныздар егер білсеңіздер

1 жауап

0 дауыс

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдердің ҒТР дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90 жылдардан бастап ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заман тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технология мен қызмет түрлеріне деген сұраныс қамтамасы етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет өте мол қаржыны қажет еткендіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр.

Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дің құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.

Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғылыми-техникалық және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.

Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-техникалық жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғылыми ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысының, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-техникалық бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.

Алайда ғылыми-техникалық революцияның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып саймайды. ғылыми-техникалық революция дегеніміз өндірістің бүкіл техникалық базисін, бүкіл технол. тәсілдерін қайта құруды ғана білдіреді. ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің техникалық құралдары мен тәжірибелері кешенінің (техника), материалдық игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) және практикалық іс-қимылдар мен әрқилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (басқару) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды.

Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мысалы, табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...