0 дауыс
358 көрілді
Бір жарда кетип бара жатып Кенеттен құмға батып кеттім Шыгалмай калдым

1 жауап

0 дауыс

 Түс жоруда имам саналатын Ибн Сирин бұл хадиске төмендегідей анықтама береді: «Болмашы түстердің шайтанға тіркелуі: өйткені сол шақырушы, негізінде Алла адамның барлық жақсы-жаман түстерін жаратады.»

  Ал адам жақсы түс көрсе, мына хадиске амал ету керек: «Жақсы түс Алладан, біреулерің жақсы көретін нәрсесін көрсе, тек жақсы көретін адамына айтсын және тек насихатшыл (дұрыс) адамға немесе ғалымға айтсын».

Жаман түс көргенде төрт нәрсе жасау қажет:

1) Шайтанның және көрген нәрсесінің жаманшылығынан Аллаға сыйынып дұға жасау керек;

2) Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф деп айту);

3) Жатқан жанбасынан ауысып екіншісімен жату;

4) Ешкімге айтпау.

Осы нәрселерді жасаса, Пайғамбарымыз айтқандай, оған еш зиян тимейді.

 Түсті жорытуда өте сақ болу қажет. Хадисте: «Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын».

Адам түс көріп уайымдай бермесін деп қазақ мынадай мәтел айтқан: «Түс түлкінің боғы». Сондықтан әрқашан Аллаға дұға жасап, тек жақсылыққа жориық.

...