0 дауыс
1.3k көрілді
Әжем түсінде менің құдыққа түсіп кеткенімді көріпті, және өзі көмектесе алмай тұр екен, көмекке шақырайын десе батып кетема деп қорыққан. Бірақ мен батпай судың бетінде белімнен жоғары қалғып тұр екенмін және қолымда ақ қауырсын шәйнек болған. Бұл ненің белгісі

2 жауап

0 дауыс
Мұндай түсіңді танымайтын адамдардан сұрама.
0 дауыс

Алла елшісі (с.ғ.с.) «Кісі түсін өзі жақсы көретін, парасатты кісіге не абыройлы жанға айтсын. Ол жақсы сөз айтып, жақсыға жорысын»» деуімен түсті кез-келген адамға жорытудың жөн еместігін білдірген. Өзі жақтырмаған адамға жорытса, оның жоруы түс көрген кісіні ренжітуі мүмкін екендігін басқа бір хадистерінде білдірген.

Имам Мәліктен «Кез келген адам түс жори ала ма?»,- деп сұралғанда, ол «Түсті жақсы жори алатын адам ғана жоруы керек. Егер түсті жақсы деп ырымдаса, жақсыға жорысын, жақсыға ырымдамаса да жақсыға жорысын яки үндемесін»,- деді. «Жаман түс болса да жақсыға жору керек пе?»,- дегенде, «Жоқ! Түс — пайғамбарлықтың бір бөлігі, онымен ойнауға болмайды!»,- деп түсіндірді (Құртуби, әл-Жамиу ли ахкамил-Құран, 9/122-127).
Әуелі түс жорушы түсті тыңдағанда немесе оның жаман екенін ырымдап оны жорымағанда я болмаса түсті жеткілікті түрде түсінбегенде былай деп дұға оқуы тиіс: «Жақсылығы — өзіңе, жамандығы — дұшпаныңа, жақсылығын өзің көр, жамандығынан сақтан!». Егер түстің жорамалы түс көрушіге ғана қатысты болса, осылай дұға оқиды. Ал ол түс баршаға қатысты деп есептесе, «Жақсылығы — бізге, жамандығы — дұшпандарымызға, жақсылығын біз көрейік, жамандығынан сақтанайық» деп дұға оқуы тиіс (Ибн Сирин, Мүнтәхабул-Кәлам, 6).

...