0 дауыс
443 көрілді
Кеш жарық. Мен өмірге тойдым шын. Бірде қуаныш бірде қайғы, енді құлап жатсаң артынан бір нәрсе болады шаттандырып. Жұмысым бар, үйім бар, төсегім, тамағым бәрі бар шүкір. Өзіме қол салайын десем күнә. Неге адам атамен хауана жасаған күнәсі үшін жүрмін ерігіп жерде. Шетелге де шығамын, саяхаттаймын, жұмыс істеп қалағанымды аламын шүкір. Расында аласың-бересің, Дым қызық емес. Өзімді алдаап өмір сүріп жатырмын. Хорошо что бала-шаға жоқ шүкір. Болғанын да қаламаймын. Не істеуге болады? Қалай өмірден кетуге болады? Дұға да жасадым , алатын түрі жоқ ♂️

1 жауап

0 дауыс

Қанша жерден дұға қылыңыз, өзіңізге қол жұмсаңыз ажал келмесе алмайды. Бірде қуаныш, бірде мұң өмір осынымен сынақ. Сізді ібіліс азғырып жатқанын да сезбейтін шығарсыз. Бала-шаға жоқ деп қуанбаңыз, себебі біз мәңгілік өмірге аттанған кезде, құран бағыштап еске алатын жан керек. Намаз оқыңыз, жәрдем беріңіз (өмір сүргісі келетін, бірақ аз ғана уақыты қалған неше түрлі ауру сәби жатыр шипа іздеп). Мәңгілік өмірдің жұмағына кіруге амал жасаңыз (мешіт салыңыз, жетімдер үйіне барып балаларды қуантыңыз, ата-анаңыз болса ризашылығын алыңыз, жақындарыңызға, бауырларыңызға жәрдем беріңіз т.б.).

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. былай деген:

"Сендердің ешқайсыларың басқа түскен қиындық себепті өлім тілемесін. Егеряки, өлім тілеу керек болып жатса былай десін: "Уа, Жаратушы Ием! Егер, маған өмір сүру қайырлы болса, маған өмір бер. Ал, өлу қайырлы болса, менің жанымды ал".

Мына өткінші өмірде адам неше түрлі жағдайды басынан өткерері сөзсіз. Соған мойымай, табандылық танытып, болашақтан үміт үзбеу керек. Жаратушы Иеміз: "Әр қиындықтан кейін екі есе жеңілдік бар" деген.

...