+3 дауыс
5.4k көрілді
Қазiргi таңда қазақ келiнi қандай болуы керек? Жалпы орамал тарту,т с с урдiстердi сақтауы пiкiрлерiңiз!

10 жауап

–6 дауыс
Орамал тартуы дұрыско, бірақ шымкенттегідей әр жерде иіле беру чересчур... Әсіресе ата-енесінің алдында иілу дегенді алып тастау керек... лично мое мнение))) Мам-пап сәлем бердік, яки Қайырлы таң десе кушти болад (happy)
керісінше иіліп сәлем салған жақсы емес пе?
Жұмбақ қыз,сендердің екеулеріңнің мінездеріңнің екі түрлі екені көрініп тұр ғой.
Может хватить  аа,   каждый раз мои ответы комментировать??? Или вы от этого адреналин получаете?
Бұларға ақыл айтсаң тырысып шыға келеді отқа түскен терідей боп. Менмендікті тастау керек Ридл Геол.
+5 дауыс
Батыста салт-дәстүр сақталынған. Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын қалған өңірлерде қазақилықты ұмытып орысшаланып бара жатыр. Ата-енесінің алдында иіліп сәлем беруі дұрыс.
0 дауыс
ата-анасына ғана сәлем берсін, соның өзі жеткелікті, және орамалды 1 ай тақса да болады, кейін тек ас әзірлегенде болмаса құдайдың құтты күні орамал тағуын талап етпеген болар едім өзім)) үйде отыруы да міндетті емес,  жақсы жерде жұмысы болса (бұл жерде ақшасы көп деген емес, яғни әйелім мұнда жұмыстиді деп ұялмай айта алатындай) жұмыстеп, адамдармен аралсқанның да айыбы жоқ, тек бір біріне деген сенімділікті сақтау керек ғой, яғни адал болуы керек
+7 дауыс
Жас келін босағадан оң аяқпен аттап кірген күннен бастап сол үйдің тыныс-тіршілігімен жақсылап танысып, іске бейімделгені дұрыс. Ұйқыға сергек, жұмысқа ширақ болу – келіннің басты міндеттерінің бірі.
Жаңа отбасында келін өзіне жүктелген жұмысты ғана атқарған дұрыс. Ең бастысы, үйде ененің де барын естен шығармаңыз. Сізге дейін үй шаруасын сол кісі атқарған, істегелі отырған жоспарларыңызды енеңізбен ақылдасып отырыңыз. Кейбір келіндер өзім білемге салып, енелерін ренжітіп алып жатады. Ондай олқылыққа жол беруге болмайды. Ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы болмайды. Отбасы мүшелері бір-бірімен ренжісіп қалғанда, ақыл айтып араға түспеңіз. Сізге қатысты сөз айтылса, артық сөйлеп, ақталмаңыз. Шыдамдылық танытып, үндемеуге тырысыңыз. Келін мен ене арасындағы шекарадан аспаған дұрыс. Кейбір келіндер енесін туған анадай көріп, тым еркелеп кетіп жатады. Тіпті, күйеуінің кемшіліктерін анасына айтқандай етіп, ененің бетіне байқамай басып қалады. Алайда, уақыт өте келе мұның соңы көптеген келіспеушіліктерге әкеп соғады. Күйеуіңіздің кемшілігі жайында тіс жармаңыз. Мұндайда енеден ешқашан қолдау күтпеңіз. Ене қашанда келіннен өзін сыйлап, құрметтеуді талап етеді. Ал бауыр еті баласының кемшілігі жөнінде айтылған сөз оның құлағына түрпідей тиеді.
Кейбір келіндер отбасында орын алып жатқан сәтсіздіктерге енесін кінәлап жатады. Бұл – үлкен қателік. Себебі, әрбір адам өз қателігі үшін өзі жауапты.
Ене қаншалықты қатал болып көрінгенімен, немерелерін көргенде бауыр еті езіліп тұрады. Әже тәрбиесін көрген бала әлдеқайда мейірімді, ақылды болып өседі. Балаларыңызды әжесінен қызғанбаңыз. Ешқашан жұбайыңызға қарсы келіп, қатты сөз айтпаңыз. Ер адам әйелден бір саты жоғары тұрады. Осыны естен шығармаған әйел ерге де, елге де сыйлы болады
Ең маңыздысы ғой. +1
керемет жауап...
+2 дауыс
келін болып түскесін келінге сай орамал тартып,салт датүрді сақтағаны дұрысқо несі жақсы бүгін келін болып түсіп ап шалбар киіп тыртиып жүргенің...одан қандай өнеге тарбие бар тек бар фигурасын көрсетіп жүргенен басқа...... Келін болып өз орнын білгені жақсығоооо.....
Тағы бір айта кететін жайт өзіме салем салып иіліп тұрған  ұнайды,үлкендердің батасын алған қандай тамаша десеңші,  олсөзге, сол кездегі сезімге жетер нарсе жоғы белгілі..........
+3 дауыс
ақын Қадыр Мырза Әлидің   " Алмас жерде қалмас" кітабында "Келін,келін кердеңдеме,Сен өзің де- ертеңгі ене" деген сөзі бар. Әрі ата-анаңның атына кір келтірмей,жақсы қыз тәрбиелепті деген секілді алғыс еститіндей етіп тәрбиелі келін  деп аталғанға не жетсін.Отбасының ұйытқысы болу қашанда ел мен елдің арасын жалғап отырған  келіндердің міндеті іспеттес.Ақ босағадан аттағаннан соң  қазақ келінінің қандай болуы жөнінде айтып өткен Jako ағамыздың сөзіне түгелдей қосыламын. Ал үрдістерді сақтау жөнінде айтарым,әр халықтың өзіндік ділі,қанға сіңген дәстүрі бар.Халықтың халық екенін айқындап тұратын да осы өзіне тән үрдістері. Онсыз да жаңара-жаңара талай салт-дәстүр,жоралғылар маңызын жоғалтуда. Халқымыздың төлқұжатына айналған үрдістерді сақтауымыз керек.
+2 дауыс
Қазақ келіні андай болсын, мындай болсын дегім келмейді. Бірақ қазақ келіні дегенде басында орамалы бар келінді елестетеміз. Келін болғасын орамал тартып жүрсе құба-құп.
+2 дауыс
Мен де қазіргі жас келіндердің бірімін. Негізі, орамал тағу өте дұрыс, біріншіден, ол тазалыққа жатса, екіншіден, қазақы ырымдар бойынша "жын-шайтандардан қорғайды" дейді. Бірақ, өзім үнемі тастамай тағып жүремін деп айта алмаймын. Дағдыланбағасын ба білмеймін орамалымның қайда қалғанын да білмей қалатын кездерім болады. (басымнан түсіп қала береді да). Сосын, шешсем болды рахаттанып қалам ғо кәдімгідей. Оңашада болмаса, барынша тағып жүруге тырысамын. Әсіресе, түнде далаға шыққанда жалаң бас шығуға болмайды екен. Орамалдың пайдасы болмаса, зияны жоқ. Иіліп сәлем ету жағына келсем, күнде таңертең ұйқыдан тұрысымен бәріне иіліп сәлем етем(жолдасымнан басқасына). Өздері қалап тұрса, неге иілмеске? Сонымен қатар, көршілеріме, туыстарыма, жалпы осы үйге келген барлық үлкен кісілерге сәлем етем. Одан ештеңем де кеткен емес. Үлкен кісілер керісінше соған қуанып, батасын айтып кетеді.
Бақытты бол, қалқам!
+2 дауыс
казак келини орамал тагуы ол оз отбасындагы ен басты тарбиесине жатады.ягни.келин боп акбосагага аттаганнан кейинги.сол уйдеги адамдарына адеми халатын киип басына орамалын тагып тангы салемин салып.улкен бир жаксылык мартебеге ие болады.сол себепти келин озине тан истерин истеп оз талаптарын еш созге келмей орындап уйдин еш сырын сыртка шыгармай миндетин орындап журсе содан аскан бакыт бар ма еди.ал сыйластыкка келсек.келини жаксы уйдин керегеси алтын демекши.ен бастысы келиннин ата-анасына деген курмети мен силастыгы, куйеуине деген жаксы коз карасы адал пейли, туган- туыстарына деген жаксы ниети болса, келиннин келиндик парызы осы емеспе. Уй-ишинде келинге жараспайтын кылыктар жасап козге жаман атты коринип, тындамай оз дегенимен журип, кыска киинип жаман созге келмес ушин осындай адеттерден аулак болганы дурыс деп есептеймин! Ен бастысы ак босага аттаган сон келиндик парызын умытпаганы жон деп есептеймин.! Мен озим Шымкент каласынын келини болган сон тансариде турып, букил жумысты истеймин деп еш киналмаймын, мен керисинше ата енеме силы келин болып жургениме 5жылдын колеми болып калды! Сондыктан айткандарымды мактаныш ретинде емес улги ретинде кабылдагандарынызды калаймын!!! ЗУЛЬФИЯ- невестка города Чимкент!!!
0 дауыс
Қазақ салт дәстүрлерін сақтау қажет.Қазақтың салт дәстүрлерінің астында үлкен бір мән жатыр.Сондықтан ағайын қазақтың салт дәстүрін сақтайық
...