0 дауыс
4.8k көрілді
Шымкенттің салт-дәстүрі қандай? Келінге қалай қарайды? Келінді өз қызындай көре ме? Келін өмір бойы орамал тартып жүруі керек пе?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл не деген масқара?! Соңғы уақытта Шымкентте келіндерді құл секілді қарайды деген мақалалар түгілі осы сайтта да 2-3 рет кезіктірдім сұрақтарды. Бұндай сұрақты қоюдың өзі ұят емес пе?! Мойындау керек, оңтүстік пен батыста салт-дәстүрімізге қатты қарайды. Оның несі айып? Керісінше керемет емес пе, жаңа түскен келіннің басында әппақ пәктікті білдіретін шәлісі бар. Бұндай сезімді (алғаш орамал таққандағы және одан кейінгі) жазып жеткізу де мүмкін емес. Бұндай дәрежеге жетпегендер де бар. Өзіңіз ойлап қарасаңыз, орысқол отбасына келін боп түстіңіз делік, орысша тәрбиедегі отбасы біздің қазақи менталитеттегі ұсақ-түйек кей нәрселерге түсіністікпен қарай алмай арадағы сезімге қаяу келуі де мүмкін. Қазағымыздың ғұрыптары ешқашан кері нәрсеге үндеген емес, керісінше, өмір сүру тәртібіміздің сара жолы екендігін естен шығармалық, ағайын. Сондай-ақ, осы секілді қажетсіз сұрақтардан да шектелерміз деген үміттемін.
Салт-дәстүрімізді сақтағанымыз жақсы. Бірақ Шымкенттің салт-дәстүрі жайлы көбісі өзбектеніп кеткен,олар ұзын өзбектердің киімі секілді киім киеді,таң атпай тұрып,ата-енең оянғанда бәрін тазалап қою,оянған соң барлығына сәлем беру керек дейді. Әсіресе ауылдарда келінді адам ғұрлы көрмейді дегенді жиі айтады. хммм,бірақ Олай емес деп ойлаймын.Білмеймін мен,маған осылай көп адамдар айтты және оқыдым көп жерден
Айтқанға емес көргенге сеніңіз. Негізі əр жерде əр түрлі адамдар бар. Мысалы Шымкентте келінді қызындай көретіндер де бар. Енді құлындай көреді дегенді мен өз басым əлі көрген емеспін. Шымкентте тұрып жатқаныма 18 жыл болды. Ұзын киім кию, орамал тағу, ерте тұру өзбектену емес. Ерте тұрған əйелдің бір ісі артық деп бекер айтпаса керек. Түске дейін түк бітірмей ұйықтай бергеннен сол жақсы. Енді киімге келер болсақ есті қыз етегін қымтап ұстайды. Ол тəрбиеліліктің белгісі. Сондықтан өзбектену деген ойдан сəл де болса арылыңыз. Бұл істер қазаққа да тəн. Мен жазып өткен сөздерді атам қазақ бекер айтпаған. Өзбекке қарап солай ой түймеген.
Ешқандай да ұзын кимейді кимейді. Өздеріне жарасатын халат киеді. Келіндерді адам құрлы көрмейді екен деген нарсе өтірік. МенІң  2 жеңгем бар, ешқандай артық сөз айтпаймыз ғой. Жалпы, Шымкент туралы жаман нәрсе ойламаңыз. Ол сіздің келін болып түскен үйіңіздегі адамдарға байланысты. Бәрі бірдей емес қой.... Киімнің ұзындығы тізеге дейін ғана ғой...
Мен сенем деген жоқпын. Сондай сөздерді жәй естідім.
кешіресіз мен ойымша ол келіннің қызметті сол арын ашым қысқа киім кигенше күйеуінің алдында пәк болғаны дұрыс емеспе егерде маған өкпеңіз болса байланыс нөмерім 87011664660
0 дауыс
Келінге деген сыйластығы ең алдымен  отбасындағы адамдардың түсінігіне байланысты. Шымкенттің салт-дастүрлері бойынша, келін әрқашан орамал тағып жүру керек. Негізгі бұл жақтың адамдары осыған көп мән береді. Бірақ, отырыстарда немесе мереке кештері мен тойларда арине тақпайсыз. Жалпы, соооол отбасындағы адамдардың көзқарасына байланысты бәрі. Келінге қалай қарайды? Ол енеге және келінге байланысты...
0 дауыс
Шамасы Шымқала жайлы жағымсыз дүниені көп естігенсіз-ау осы.
+1 дауыс
Не десек те қазақы салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған Оңтүстікте. Содықтан даурығып керек кемес. Басқа түссе көз көреді.
0 дауыс
Төуһһ, осы не сұрақ а??? Шымкенттең сонша қорқатын болсаңдар келіп көріп кетіңдерш а
+1 дауыс
Менде түсінбеймін неліктен Шымкеттен бəрі шошынатынын. Мен озім Атырау  қаласынанмын...жасым 19да..жігітім Шымкенттікі..Алла каласа тұрмыс құрғалы отырмын, оның ата-анасымен бүкіл ағайын тумасымен таныстым. Бəріде кішіпейіл адамгершілігі мол адамдар. Қай қай калада тұрсақта салтымыз əр түрлі болсада, ұзын киіп орамал байлап жүруіміз біздін санамызда болу керек..ол ата-анамыздын берген тəрбиесін көрсетуіміз...егер біз жаман болсақ сөз ата анамызга келеды...өзіміз өмірлік жарымызды таңдаған соң олай шошып қаламай тұрмыс құрмау керек. Қиыншылык болсада сүйген адамын үшін істегенің ғой. Жарын қатты сүйетін еркек əелін құл етіп қоймайды
...