0 дауыс
361 көрілді
Орамал салып жақсылыққа бой ұсынғандарға қарсы шыққанша үкімет жауыздықпен адам өлтіріп жатқандарға ату жазасын бұйыратын заң шығармайды ма екен. Сіздің ойыңыз қалай?

1 жауап

+1 дауыс
Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер өлім жазасын қолданудан заң түрінде бас тартып жатыр. Тіптен кейбірі бұндай аса ауыр жаза түрін мүлдем қолданбайтын да болды. Адамзатқа қарсы аса ауыр қылмыс жасап, лаңкестікке барып жатқандар болмаса, қылмыстың неше атасын жасағандар тек өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл уақыттың жаңа талабы.
«Не шықса да батыстан шығады» демекші, «гуманизация» деген желеумен Еуропа мемлекеттері соңғы жылдары біраз дүниені өзгертіп үлгірді. Соның бірі біз сөз еткелі отырған өлім жазасын қолдану мәселесі. Өлім жазасынан бас тартқан мемлекеттірдің саны да жылдан-жылға сайын артып отыр. Нақты мысал келтіріп өтелік: Статистикалық деректерге қарағанда жылына орта есеппен 3 мемлекет аталмыш жаза түрін қолданудан бас тартады екен.
Елімізде әлемдік саясат аренасының салмақты фигуранттарының бірі болып отырғандықтан бұл үрдістен айналып өткен жоқ. 2003 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына тыйым салынды. Арада бір жыл өткен соң, яғни 2004 жылы өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Ал 2007 жылы Конституцияға жүргізілген реформалардан кейін өлім жазасы жаппай адам өліміне алып келетін террористік әрекеттер мен соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстарға қатысты ғана қолданылатын болды. Еліміздің саяси ахуалының тұрақтылығы мен бірлігін ескерсек, бұл Қазақстанның өлім жазасынан іс жүзінде бас тартты дегенін білдірсе керек.
Сонымен қатар мына сайттардан байқап көріңіз:
http://zan.zanmedia.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5473:l------r&catid=23:1&Itemid=8
http://thenews.kz/2011/09/22/921511.html
...