+2 дауыс
332 көрілді
Санаттан дінді алып тастадың, енді саяси сұрақ жауаптарына "оппозиция орталығына айналдырмаңыздаршы" депсің. Енді тек жай сұрақтар ғана қалатын болса, сайттың оқырманы кімдер болмақ?
Жауаппен байланысқан: админге сурак

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Діни санатты діннен хабары бар бауырларым солай деп ұсыныс айтты. Өзіңіз де байқаған шығарсыз. Діни сауал қойылса болғаны, ұрыс керіс, көп қөлданушыға ұнамай кетіп қалған жағдайды да бастан өткіздік. Кері байланыс арқылы өздерінің өпке, реніштерін де жазды. Барлығын саралай келе Діни тақырыпта санатты алып тастауға бел будық. Діни санаттан бөлек 40-шақты санаттар бар. Яғни басқа да сауалдар жетерлік. Жақын арада әр санат бойынша өз ісінің мамандарын да бартып жатырмын. Соның бір айғағы Компьютер саласының маманы Навигатор есімды қолданушымыз. Тағы да көптеген мүмкіншіліктерді дайындап жатырмы. Ол уақыт еншісінде. Рахмет!!!

+3 дауыс
Сұрақ-Жауап өз мүшелерін жоғалтпайды деп сенемін,себебі бұл сайтта жастарға өздерін толғандырап жүген,шешімдерін таппай жүрген сауалдарына толыққанды жауап алатындай мүмкіндіктер бар.Сайт көп адамдардың сырласына айналып үлгерген.Елене,екшеле келе өзің сияқты жанашыр патша көңілді оқырмандар мен бірге жаңа қолданушылармен толықтырылып отырады. Сайттың кемшін түстары да бар,сырт көз сыншы дейді ғой айта кетейін.Саитта бір бір белсенді топ бар, солай болғаны да дұрыс.Бірақ сол топта сайт менің меншігм,жеке огородым деген сияқты пікір қалыптасқан сияқты,бұл қауіпті.Редактор, модераторлар дұрыс пікір жазушы адамдарға  қысым жасау үшін емес,дұрыс жаза алмаған адамдарға көмектесу үшін сайлану керек деп ойлаймын.Тағы бір айта кететін жайт сайттың өміршең,жасампаз,жақсылар қатарында болуын қаласақ,балл жинау үшін мәнсіз,мағанасыз сұрақтарды қоя бермеуіміз керек деп ойлаймын.Сайттың дені жастар болған соң өзіл-қалжыңы аралас сұрақтарға жол беруге болар.Ал алынған санаттарға келсек ол АДМИНнің құзырындағы шаруа,себебі сайт жауапкершілігі соның мойнында."ДІН" санатының алынуын құптаймын,ондай адам санасына тікелей әсер ететін құдіретке сол сала мамандары,зерттеушілері басқарып отырған сайттардан жауап алған дұрыс болар,шала дұмшелер көкпарға салып жатқанымыз жараспас деген болар.Мен ақыл айту немесе кеңес беруден аулақпын,өз ойымды қосып жатырмын.
Тамаша өз ойыңызды айтып кеттіңіз! Сізбен толық қосыламын! Басында сайт қолданушыларына қалай дұрыс сұрақ қою керек екенін көрсетіп өзім де белсенді болып сұрақ қойып, белсенді түрде жауап жазып жүрдім. Енді қолданушылардың артуына байланысты өзіме сайттың даму жақтарын, қажетті мүмкіншіліктер мен жаңартуларды енгізу мойныма жүктеліп отыр. Сондықтан да сайтта сәл белсенділігім байқалмай тұрғаны рас. Бірақ бұл менің сайтты тастап кетті деген сөз емес, сіздердің қажеттіліктеріңізді толықтыру үшін сайтта жаңа жаңа қажетті мүмкіншіліктерді компьютерімде тестілеуден өткізіп жатырмын. Құдай қаласа жақын арада қосамын! Тағы ретке бір келген соң өзім де белсенділік танытатын боламын! Оның үстіне (h) шаршатып жіберді. Қатты бір қызды ұнатып қалсаң қиын екен! айналаңдағылардың не болып жатқанын сезбейсің. :D
Ербол сенің белсенділігіңе еш қояр кінә жоқ,бәрі жақсы,ал әлгі мәселеде,біреуді ұнату жөнінде сәттілік тілеймін!:)
+3 дауыс
Админнің екі шешімінде қолдаймын.
1. Біз басшыларды қаралау үшін отырған жоқпыз. Басшылардың кемшілігін іздеу жақсы нәрсе емес.
2. Дін ол көрінген адам сөйлейтін, мен былай деп ойлаймын, қазір заман басқа ғой деп ақылға салатын нәрсе емес. Білмейтін нәрседе сөйлей бермей, білмеймін деп айтқан абзал болады. Әр сөзге жауап беретіндей сөйлеген дұрыс.
3. Жаконы толық қолдаймын. Балл жинаймыз деп жүріп, барымыздан айырылып қалмайық...
...