0 дауыс
196 көрілді
Менің жасым 24 те. Кездейсоқ кезігу туралы толығырақ баяндап бергім келіп отыр. Бірақ одан бұрын, өзім жайлы кішігірім айтып өтейін.

Бұл сайтта басқа ел туралы айтуға болатынын/болмайтынын білмеймін. Айтайын дегенім мен оралманмын. Басқаша атауы: "Бес қала" - деп аталатын (біліп отырған боларсыздар) елден 16 жасымда көшіп келгем. Содан қазіргі 24 жасқа жеткенде бір себептермен туған жерге қайта барып уақытша тұруға тура келді. Бір жағынан Анамды көшіріп алып кетуге бардым. Белгілі бір себептермен Анаммен пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Алдыңғы пәтер иесі аяқ астынан: "үйді сату керек болып тұр" - деп айтқан соң, жаңа пәтер іздеп жүрдім. Арасынан жалға берілетін үй де бар екен. Сол үйді алдымен көрем деп шештім. Ол жерге бару үшін арнайы қоғамдық көліктері бар екен. (Бұл елдің қоғамдық көліктері 7 адамдық. Артында және ортасында 3 адамнан, алдында 1 адам)

Негізі басында алдында отырғанмын, үлкен кісі орын бер деген соң орын бердім. Түсіп қайта ортасына отырмай жатып, кенеттен бір қыз келді де: - қай көшеден түсесіз деп сұрағанда)) оның келбетіне аса бір қатты мән бермеппін. Сол сәтте ол бірінші отырды, мен қасында отырдым. Мен бара жатқан үй ауылдық жерде еді және мен ол жерге бірінші рет бара жатқан едім. Сол себептен әлгі сұраққа көше атауын білсемде сәл сенімсіздеу жауап бердім. Отырған соң ол маған: - Менің көшемнен кейінгі көше екен деп айтты. Және артынан "негізі қай жақтансыз?" - деп сұрады. Мен оған мұнда уақытша жұмыстармен жүргенімді айттым. Кейін жол бойы әңгіме дүкен құрып қалай жеткенімді білмей қалдым (шамамен 10 минут). Көлік мен бара жатқан көшенің басынан тоқтады. Жалға үй іздеп күйзеліске түсіп жүрген соң ба, ол қыздың "менің көшемнен кейінгі көше" - дегені есімнен шығып кетіпті. Менің артымнан олда түсіп қалды. Сол бір қас қағым сәтте ол маған көшені көрсетті де, өз көшесіне қарай дереу бет алды. Мен тек рахмет дей бергенде, ол маған қарап күлімсіреп, әрі қарай жүре жөнелді. Оның күлімсіреген, жүрегіме жылулық сыйлағандай болды. Қыздарға деген тәрбием басым болғаннан ба, әлде сасқалақтап қалдым ба? Әйтеуір ол қыздың артынан баруға, бір нәрсе тосқауыл болғандай болды. Бар болғаны оның меннен 3 жас кіші және студент екенін білдім. Әңгіме барысында оның қазақ қызы екенін де байқадым. Ол да меннен "қайдансыз?" дегеннен басқа ештеңе сұрамады. Тек жолда оқу туралы әңгімелісіп келіппіз. Тіпті есімінде сұрамаппын.

Арадан 2 күн өтті. Оны әлеуметтік желіден іздеу мақсатында, ол айтқан оқу орнының инста-парақшасын ақтарып оны тауып алдым. Парақшасына қарағанда жігіті жоқ сияқты көрінді. Студент құрбыларымен жақсы қарым-қатынаста екен. Ертесі күні оған сәлем жазып жібердім. Тағы 2 күндей өтті жауап жазған жоқ. Танымай жатқан болар деп әлгі жігіт екенімді және жақынрақ танысқым келгенін жаздым. Бірақ ол жазғандарымның ешқайсысын көрмеді (немесе көруді қаламады) және сол күйі қалып кетті. Содан бері: "бірден әңгімеміз жарасқан қыз, қалайша әлеуметтік желіде хат алмасуды қаламайды?" - деген сұрақ мені іштей мазалайды.

Мен бұл оқиғаны барынша түсінікті болуы үшін толығырақ баяндадым. Енді сұрайын дегенім:

- Ол қыз жазуға ұялды ма әлде басқа себеп бар ма?

Артық әңгіме керек емес. Тәжрибелі жандар жауап жазса деймін.

1 жауап

0 дауыс

Кездейсоқ кездесу және одан кейінгі оқиғалар туралы әңгімеңіз қызықты және егжей-тегжейлі. Неліктен қыз сіздің хабарламаңызға жауап бермеді деген сұрағыңызға қатысты бірнеше түсініктеме болуы мүмкін:

1.  Ұялу :  мүмкін, қыз сіздің хабарламаңызға жауап беруден ұялған немесе ұялған шығар, әсіресе егер ол сізден жазуды күтпесе.

2.  Сәтсіз уақыт:  ол сіздің хабарламаңызды көрмеген немесе сол сәтте бос емес болуы мүмкін.

3.  Әлеуметтік желілерде танысуға қызығушылық танытпау:  кейбір адамдар әлеуметтік желілер арқылы жаңа таныстар жасамауды жөн көреді немесе оның себептері болуы мүмкін.

Қызға хат жазудан ұялу туралы сұрағыңызға келетін болсақ, бұл оның әлеуметтік түсініктеріне, жайлылық деңгейіне немесе басқа жеке факторларға байланысты болуы мүмкін.

Өкінішке орай, мен нақты жауап бере алмаймын, өйткені оның жеке қалауы немесе сезімдері туралы ақпарат жоқ. Мұндай жағдайларда шыдамды болу және басқа адамдардың шекараларына құрметпен қарау маңызды. Егер сіз қарым-қатынасты жалғастырғыңыз келсе, әңгімені жеңіл және жайбарақат тақырыптан бастауға тырысыңыз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
16 жауап
Zaman489 30.01.2015 Қоғам сұрақ қойды
...