+2 дауыс
945 көрілді

"Оралман" бауырларға деген көз-қарастарыңыз қандай??

10 жауап

+1 дауыс

мен құшақ жая қарсы алар едім, онында атамекені

Жарайсын!!!
+2 дауыс
Шетелдегі барлық Қазақтар өз елімізге оралғаны жақсы. Оралмандар деп бөлудің қажеті жоқ. Олар да қазақ бауырларымыз.
0 дауыс
жок арине өз еліне жететін ештене жоқ қой,қуаныштымын келгендеріне.
+1 дауыс
құрметпен қараймын
+2 дауыс
Оралман болып келген қазақтар Қазақстанда тұрып жатқан қазақтарға қарағанда туған жердің, отанның, қазақ тілінің қадірін өте жақсы түсінеді. Қазақстанда тұратын қазақтардың арасында қазақша білмейтіндері бар, ал оралмандардың бәрі қазақша біледі.
men mongolia kazagmin men kazakstan neri horhinishti dep aitadi sosn bargm kelemeit sondai jauiz ba adamdar
Бауырым, ондай өсек сөздерге сене берме. Сол сөзді кім айтқанын айтшы.
mongolia kazkh прикөлшик екенсің)))
Белгісіз
Ол седерді әдейі Моңғолияға қалдырғысы келген ғой Қорықпа өтірік әңгіме
+1 дауыс
Оралмандар да адам ғой) Бірақ,оралмандар қу болады))))))
Қуы не....?
Белгісіз
не дид мынау
Қу деген не?
Белгісіз
Хитрый болады дейді. Қосыламын.
інілерім, пікір қалдыратын басқа жауап таппай қалдыңдар ма?
хитрый ғой
Медди мәдениеттілік сақта .
0 дауыс
Менде сол Қазақстанға көшуді қатты қалеймін. Тіпті колледжді оқып болған соң Қазақстанға оқуға тапсыру ниетім бар (Алматыға).
Сен қайда тұрасың сонда?
Shingis_khan жайлы 101 мәліметте жазып қойыппын......
Белгісіз
Қарақлпақстанғой
Иә...:)))))))))
Белгісіз
–2 дауыс
Оралмандарды мен кезінде қиын кезде қашып кеткен адамдардың ұрпағы деп түсінемін. Маған солай үйреткен сол түсінік қалып қойды солай. Қазақстанға келіп алып үй, жер сұрайды оларға бергенше Қазақстанда үй-күйсіз жүрген отбасыларға беру керек.
Чичарито дұрыс айтады негізі , оралмандардың көпшілігі кезінде   қара басын ойлап,  Отанын сатқан адамдардың ұрпағы ....
Қай қылығымен олар Отанды сатыпты? Бала-шағасының қамын ойлап шетке көшкені сатқындық па? Ұрпағы үшін істеген ісі емес пе? Сонда Отанымызды сатпаймыз деп түп-тұқиянымен құрып кетуі керек па екен?
Мен бұл тақырыпты сізбен талқылағым келмейді.. (:
оралмандарды олай кемітуге болмайды. Неге? Себебі, Қытайдың Шығыс Түркістан жағында қазақтардың жері болған. Сенбесеңдер, Әнуар Әлімжановтың әңгімелерінен оқыңдар. Сол кісінің кітабында Қытайдағы қазақтардың арасында Қытай жандайшаптарына қарсы шыққан қазақтың батырлары туралы айтылады. Өз өзімізді кемітсек бізді басқасы да кемітеді.
Кейбір оралмандар амалсыздан кеткен, биліктегі орыстардың кесірінен қуғынға ұшыраған ХVІІІ-ХХ ғасырларда.
Мен "барлығы"деген жоқпын , "көпшілігі" дедім.  Мүмкін арасында басқа жағдайлармен қоныс аударғандар , сол жерге барғанда қазақтардың намысын қорғағандар бар шығар... Бірақ  өздерін ойлап кеткендер де аз емес қой? "Түп-тұқиянымен құрып кетуі керек пе еді?"  Қазақтардың барлығы кетіп қалған жоқ ...  Қашып кетуге мүмкіндіктері болса да осында қалғандар бар, олар" түп-тұқиянымен құриық деп" қалған жоқ қой...
Әркімнің өз пікірі бар дауласпайық.
+1 дауыс
Өз бауырымдай көремін. Қазір де сондаймын. Қытайдан келген оралмандармен бір жатақханада тұрамын, олар бауырмал. Тек алданып қалудан қорқады. Маған талай сыйлықтар сыйлады, мен де құр алақан қалған емеспін.
0 дауыс

Қашақ де..... Қызық екенсің. Тіпті қалпақ пен өзбектерге да жер табылғанда сап қазақтарға табылмайма? Сүйтіп бір-бірімізді қаралаған болмайды жора.

Негизи копшиликтин айтатыны, оларды кашып кеткен дейди. Ал жергиликти баска улттарга келетин болсак, олар кашпай косылып курескен. Сондыктан копшилик жактырмайтын шыгар

оралмандарды олай кемітуге болмайды. Неге? Себебі, Қытайдың Шығыс Түркістан жағында қазақтардың жері болған. Сенбесеңдер, Әнуар Әлімжановтың әңгімелерінен оқыңдар. Сол кісінің кітабында Қытайдағы қазақтардың арасында Қытай жандайшаптарына қарсы шыққан батырлары туралы айтылады. Өз өзімізді кемітсек бізді басқасы да кемітеді.
...