0 дауыс
857 көрілді
9 дан кейін Шымкент қаласында коледжге военный мамандығына түсуге болады ма

2 жауап

0 дауыс

Қорғаныс министрлігінің қарамағында екі әскери колледж бар – Щучинск қаласындағы Уәлиханов атындағы әскери колледж және Астанадағы Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж.

Уәлиханов атындағы колледжде оқу "Әскери істегі кіші буын менеджменті" мамандығы бойынша жалпы орта білім беру базасында 1 жыл 10 айға созылады. Сондай-ақ біліктілікке-мотоатқыштар бөлімшелерін басқару; танк бөлімшелерін басқару және зымыран әскерлері мен артиллерия әскерлерінің бөлімшелерін басқару.

Колледжге түсу үшін қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына өтінішпен жүгіну қажет.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімінің орташа балы кемінде 3.0 немесе GPA кемінде 2 болатын білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілер әскери Колледжге қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін қоса алғанда келеді. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер әскери колледж аумағында орналастырылады және тамақпен қамтамасыз етіледі.

Азаматтарды әскери Колледжге қабылдау келесі кезеңдер бойынша 1-20 тамыз аралығында өтеді: 

I кезең-кәсіби-психологиялық іріктеу; 

II кезең-әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру; 

III кезең-дене дайындығын тексеру; 

IV кезең-конкурстық іріктеу және қабылдау.

Қабылдау комиссияларының шешімдері 21 тамызда сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Колледждің интернет-ресурсында орналастырылады. Әскери колледжге оқуға түскен түсуші әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады. 

Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі негізгі орта білім беру базасында оқытады. Мұнда оқыту келесі мамандықтар бойынша 2 жыл 10 айға созылады: Әскери істегі Автоматтандыру және Инфокоммуникациялық технологиялар; Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету; Әскери істегі кіші буын менеджменті.

Колледжге оқуға түскен жылы 15-16 жас аралығындағы 9-сынып түлектері қабылданады. Колледжге қабылдау 1-20 тамыз аралығында өткізіледі. Жақсы және өте жақсы оқитын әскери колледж түлектері әскери институттарға түсе алады. Ол үшін олар 1 сәуірге дейін білім алатын білім беру ұйымы басшысының атына тиісті баянатпен жүгінуге тиіс.

0 дауыс
Канша балмен тусуге болады жане кандай пандер окимыз
...